Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет528/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
593 
тағы да ой елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен 
тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз арқылы берілген шындық 
сол мәселемен талай күндер, ясылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнін 
баурап алған адамға келеді. Ал оның өзі сол мәселенің шешілуі тіпті адамнын саналы 
түрде ғана емес, сонымен қатар бисаналык жолмен жүріп шешілгенінің көрінісі емес 
пе? 
Таньш үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. 
Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. 
Адам өз ыркы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. 
Алайда ырық әрқашанда сананың ең алдымен моральдық құндылыктардың 
бақылауында болуы қажет. Ол әсіресе бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдарында 
қажетті. Өйткені адам дүниеге тереңдеген сайын табиғаттың орасан зор күштерімен кез 
болып, ар - ұжданы дамымаған ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға 
бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы ғажап емес. Мұндай жағдайда, ол 
адамзатты үлкен кайғы-қасіретке, тіпті бұрын-соңды болмаған апатқа әкелуі мүмкін. 
Көне Грек елінде өз атын тарихта қалдыруды армандаған, бірақ қолынан ұлы іс 
келмейтін Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап кесенені жағып 
жіберген екен. Сол сияқты бүгінгі уакытта ғылым саласында қызмет етіп жатқан 
геростраттар жоқ деп кім айта алар екен? 
Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе ол адамның таланттылығы. Біріншіден, 
ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. 
Егер біреу көркемөнерге жакын болса, екінші — математика, физикаға, үшінші -
тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір 
әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен катар тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында 
талантқа, яғни шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи 
дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес. 
Танымның негізгі мақсаты - акиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны 
практикалык өмірде пайдалануға жол ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет