Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет534/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
599 
біршама гипотезалардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып 
тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты 
гипотезалар ғылым дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, категориялық (ұғымдық) 
мәртебесінен айырылып қалды. 
Теория - зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі мән-мағынасын 
ашатын, практика аркылы дәлелденген, кайшылықсыз бір-бірімен байланысты 
ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», 
Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. 
келтіруге болады. 
Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс 
жүзінде пайдалану жатады. 
Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара 
байланыстырып, зерттелген заттың идеалдык моделін (үлгісін) жасайды, сондықтан 
адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады. 
Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың 
қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық 
элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді 
ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың аркасында қоғам 
өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, 
кұкықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады. 
Танымның практикалық табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану 
мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді канағаттандырып 
кана қоймайды. Оның негізгі мақсаты өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт 
беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға 
мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты 
орасан-зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр. 
Заң - зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет