Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет530/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
595 
ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зертгеу жолындағы алынған объективті 
ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны 
шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді. 
Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, 
өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның 
практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытка дейін Марс планетасында су 
болды ма, я жоқ па деген сұракқа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі 
болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана 
американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен 
шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір 
формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді. 
Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам 
техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген 
әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз 
кажет. Келесі ұрпақ онын біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында 
ақикатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан 
ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда 
зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды 
саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік. 
Когеренттік ақиқатқа келер болсақ, ол - ғылымда ашылған жаңа деректердің 
негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға 
сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде 
түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол 
саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады. Батыс 
философиясында прагматистік (рragmа - іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер 
белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге 
пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жаткызамыз», - дейді 
осы ағымның өкілдері. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет