Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет531/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
596 
Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. 
Дүниеде абстрактілік, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат 
жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, 
алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс 
сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу 
жігіт еді», - деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай 
сұлу болады, сен не шатып тұрсың», - десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -
деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактілік тұрғыдан қарау деген 
сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай 
барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді. 
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уакытқа дейін талданып келе 
жаткан «ақикат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір 
нэрсе жөнінде екі қарама-қарсы тұрған ақиқат айту мүмкін емес, ол — біреу, олай болса, 
ақыл-ой таразысынан өтуі кажет», - деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинскийге келер 
болсақ, ол, керісінше, сенім ақикаты білім ақикатынан жоғары, өйткені ол - Қүдайдың 
аяны деген пікір ұстады. Бүгінгі таңда бұл мәселе «ғылым және мораль» мәселесіне 
айналды. Өйткені адамзаттың әрі қарай өрлеуі моральдық кұндылықтарға сәйкес 
келетін ғылым нәтижелерімен тығыз байланысты екенін баса айтуымыз қажет. Басқаша 
жағдайда, ғылым өз мән-мағынасын жойып, адамға қарсы тұрған зұлымдық күшке 
айналып кетуі мүмкін. Осы арада қазіргі ғылымды талдауға уақыт келген сияқты. 
§ 5. Таным денгейлері мен әдістері 
Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр 
нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. 
Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» 
қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше-түрлі 
әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол 
сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет