Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет545/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
610 
қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде 
пайдалануға болатындай етіп, кайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан 
шығатын деректер мен тұлсырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара 
байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының 
негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған 
сайын «дүниесурет» те өзгеріске түседі. 
Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып 
дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., 
астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия 
байлықты өсіру (корғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекеттерінен пайда болды. 
Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің 
тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны - Еуропа топырағы. Егер 
Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, XVI 
ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға 
өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады. 
Енді мұндай өзгерістердің себебі неде деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми 
әдебиеттен әртүрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талдаған неміс 
философы К.Ясперс оның түптамырын христиан дінінің адамға беретін рухани 
бағытынан көреді (Библия эпосы адамнан, - ол қандай зардаптан өтсе де, - ақиқатқа 
жетуді талап етеді). Екіншіден, «Дүниені Құдай жаратқаннан» кейін, М.Лютер 
айтқандай, «Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады», осы себепті, таным 
дегеніміз Қүдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен 
қайғыға толы болғаннан кейін, Қүдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын 
зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі. 
Әрине, бұл көрсетілген рухани себептердің өз орны бар. Бірақ, біздің 
ойымызша, К.Ясперс христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - Құдай адамды 
өзіне ұқсатып осы жаратылған дүниенің әміршісі қылып жаратты деген қағидасына 
мән бермегендей. Ал, шынына келгенде, осы қағида ғылымның христиан әлемінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет