Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет617/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
684 
қажет етеді. Өйткені адам бұл дүниеде жалғыз ғана өмір сүріп жатқан жоқ, ол 
басқалармен бірге, яғни өне бойы қоғамның шеңберінде. Моральдың келесі бір ғажап 
жағы - бүкіл қоғамның барлық саласын қамтуында. Тіпті адам кейбір жағдайда 
жалғыздан-жалғыз калғанның өзінде, өз-өзіне моральдық тұрғыдан қарап, баға береді. 
Енді осы моральдың ерекшеліктерін басқа рухтың салаларымен салыстырсақ, 
онда оның өзектілігі дереу байқалады. XX ғ. адамзат ақыл-ойы табиғаттың терең
жатқан сырларын ашып, оларды өз мүддесіне сай етіп пайдаланды. Сонымен
қатар ол адамзаттың өз құдіреттілігіне деген осы уақытқа дейінгі ойын су 
сепкендей басты. Өйткені ғылымдағы бір жаңалықты өмірге енгізіп, оның пайдасын 
көргенмен, оның қандай теріс салдар әкелетінін адам қандай керемет
компьютермен есептесе де толығынан анықтай алмайды. Ал оның өзі
экологиялық дағдарыстарға, тіршіліктің азып-тозуына әкеліп жатқан жоқ па? Тек 
таза есеп-қисапка (рационализм) негізделген ақыл-ой, егерде ол моральдық 
құндылықтарға негізделмесе, дүниені хаостың тұңғиығына, тіпті адамзаттың өз 
өліміне әкелуі мүмкін. Моральдық құндылықтарға мән бермей, «мен бәрін 
білемін» деген адам компьютердің бір түріне, барлық тіршілікке өмір беріп
тұрған күн сәулесі емес, сәулесі әлсіз айға ұқсайды. Ондай адам «білімді» 
болғанымен, өз салқындығымен басқаларды алшақтатады. Моральдық санасы кемтар 
адам өз шығармашылығында көп нәрсені байқамай, «барлық заттың өлшемі» деген 
бағаға ие бола алмайды. Тек моральдық құндылықтармен тығыз байланысты,
соның ықпалындағы білім ғана адамды даналық дәрежеге көтеріп, оны «заттардың 
өлшеміне» айналдырады. Сол себепті бүгінгі таңда ғылым мен моральдың өзара 
байланысы ең өзекті мәселеге айналды. 
Енді өнер мен моральдың арақатынасына келер болсақ, онда да жоғарыдағы 
ахуал байқалады. Моральдан жұрдай «арсыз әсемдік» адамды сүйсіндіре алар ма 
екен? Біз өнер саласындағы туындыларды бағалағанда, ең алдымен оны тудырған 
кайраткердің адамгершілік ізденісіне назар аударамыз. 
Діннің моральдық мазмұны мыңдаған жылдар бойы адамның рухани тірегіне, оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   613   614   615   616   617   618   619   620   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет