Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет611/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
678 
оны жетілдіруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, 
үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған көріністерін айтамыз. 
Рухтың қайнар көзі материалдық дүниенің терең қабаттарына кетеді. Ол - заттардың 
біртұтастығын және бір-бірімен байланыстарын қамтамасыз етіп, оларды жетілуге 
итермелейтін күш. Уақытында П.Т. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі 
тартуынан-ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың болмыс 
формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» (оның болмысын анықтайтын 
ішкі мақсат-мұраты), В.Г.Лейбниц «монада» (көзге көрінбейтін рухани күш), - деп атап 
кеткен болатын. 
Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен бөлінбей өмір сүрсе, 
адам дуниеге келіп, абстрактілік ойлау мүмкіндіктері пайда болысымен-ақ, олар оның 
санасында бейнеленіп, неше түрлі категориялар, принциптер, нормалар, идеялар 
т.с.с. кұндылықтарды тудырады. 
Аса ескеруге алатын нәрсе - адам Дүниенің заңдылықтарын өз санасында тек 
бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетілдіруге, кемеліне келген модельдерді 
қалыптастыруға, бүгінгі өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. 
Оны философия тілінде «қол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, 
трансценділеу» дейді. Міне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, 
яғни құндылықтар әлемі дүниеге келеді. Ол - Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат пен 
Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік, т.с.с. құндылықтар. 
Мұны рухтың ең биік қызметі деп айтсақ та болады. Ол тұлға өмірінің мән-мағынасын 
құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған күш-жігерді тудырады. 
Алайда негізгі өмір қайшылығы мынада: ешбір рухани құндылық, идеал, т.с.с. 
ешқашанда толығынан өмірде іске аспайды. Оны ойшылдар сонау көне заманда 
байқап: «Бәрі де әбігерлік, әбігерліктің әбігерлігі», — деген болатын. Сондықтан ол 
рухтың шынайы дүниедегі адамдар пендешілігіне қарап зарығып, зұлымдыққа 
былғанып жатқан дүниеге қарсы шығып, оқтын-оқтын көтерілуіне әкеледі. Осы 
тұрғыдан алғанда, адамзат тарихында өткен барлық ұлы революциялар рухтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   607   608   609   610   611   612   613   614   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет