Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет630/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   626   627   628   629   630   631   632   633   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
697 
өзіңді қалай ұстау керек екенін көрсетіп қана коймай, адамның ішкі руханиятының 
ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін 
құрайды. Сондықтан адамның моральдық қағидаларды таңдап, оны өз 
құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын анықтайды. Сол 
себепті саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі адамдардың қарым-қатынасына дейін 
барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады. 
Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактілік жалпыға бірдей талаптар 
қояды. Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге 
мәжбүр етеді. Мысалы, ерлік пен батылдық, абстрактылық тұрғыдан алғанда, жақсы 
құндылықтар. Қиын-қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл 
қасиеттерді көрсете білу керек. Сонымен қатар батылдық жемқор шен иелерінің, я 
болмаса қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс 
халқына: «Мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан босатамын», - деген болатын. 
Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалуда. 
Өз халқымен күресіп, оны тарихта болмаған қуғын-сүргінге, репрессияға ұшыратқан 
сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе 
көрсеткендей, қандай да болмасын тоталитарлық қоғам мен бүкіл адамзаттық 
моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді. 
Бұл арада біз моральдың бүкіл адамзатгық қарапайым кағидаларына келіп 
тірелдік. Олар бір қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен, қазіргі адамзат тағдырына 
өте маңызды болып отыр. Өйткені тек қана бірлесіп, сабырлылық пен төзімділік, 
қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы 
қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апатты болдырмауға болады. 
Сол сияқты нақтылы адами қарым-қатынастарда да төзімділік пек адалдықтың, 
біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке-шешеге риясыз 
кұрмет көрсету т.с.с. құндылықтардың маңыздылығын асыра бағалау қиын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   626   627   628   629   630   631   632   633   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет