Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет638/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
705 
болмаса Греция емес. Біздің табиғатымыз қатал, ұлы өзендер елімізді қақ жарып ағып 
жатқан жоқ, теңіз бен мұхиттан да, өкінішке қарай, алшақпыз. Десек те, басқа бір 
жұмақ жерге қазақ деген халық өз мекенін ауыстырмайды. Өйткені осы топырақта ол 
жаратылды, бұл жерге оның кіндік қаны тамды, сансыз бұл өмірден озған бабалар осы 
жерді соңғы қаны тамғанша қорғай білді. 
Енді, міне, жоғарыда көрсетілген осы екі сүйіспеншілік «Отан» деген терең 
ұғымды тудырады. Отанды сүю дегеніміз -туған жер мен сол елді мекендеген 
халыққа деген сүйіспеншілік болып табылады. Осы екі сезім бір-біріне қосылып, оны 
күшейте түседі. Отаншылдық (патриотизм) - - өте күрделі сезім, соның арқасында 
адам өзін үлкен біртұтас елдің ажырамас бір бөлшегі ретінде сезінеді. Олай болса, ол 
оның жетістіктері мен қателіктеріне – бәріне де ортақ. Отанды сүю дегеніміз - елге 
жақсылық тілеп қана қоймай, өз үлесіңді белсенді түрде мейлінше соның гүлденуіне 
қосу. Отанды сүю дегеніміз - тек қана өз ұлтыңды ғана емес, сонымен қатар осы 
елде тұрып жатқан басқа үлттар өкілдерін сүю, оларды жаттатпау болып табылады. 
Өйткені олар да біздің мемлекетіміздің гүлденуіне атсалысып, бізбен бірге өз 
тағдырын бөлісуде. Қазақ халқы осы мемлекеттің негізін құрағаннан кейін, бүл 
мәселеге аса жауапты түрде қарауы керек. 
Сонымен қатар Отанды сүюге «жақсымызды асырып, жаманымызды жасырайық» 
деген ұран жараспайды. Отанын шын сүйетін адам елдің кемшіліктеріне қамығып, 
оларды әшкерелей біледі. Өкінішке қарай, бүгінгі таңдағы ұлттық өзіндік сын ұлы 
Абайдың заманындағы сыннан да төмен дәрежеде тұрғаны көпшілікке мәлім. Орынсыз 
қомпиып, өз-өзімізді мақтай бергенімізден еш нәрсе шықпайды. Өркөкіректік, 
тайыздық, асырасілтеушілік, шыдамсыз отансүйгіштік те жаксылыкқа әкелмейді. 
Мұндай қасиеттегі адамдарға қиын-қыстау заманда толығынан сену де - қиын шаруа. 
Нағыз Отанын сүйетін адамдар көп жағдайда оны үнсіз сүйеді. 
Отанын сүйетін адам өз елінің аянышты тарихын да жақсы біліп, өз жүрегінен 
өткізіп, тарихтағы болған окиғаларды өз өмірінде болған сияқты дәрежеде сезінеді. 
Сонда ғана ол халықтың болашағына ұқыпты қарап, оның қойнауында болып жатқан, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   634   635   636   637   638   639   640   641   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет