Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет636/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
703 
біріне тартатын, қосатын, оларды әсемдік пен ізгілікке, шындыққа ұмтылдыратын, 
бүкіл адамзатты біріктіретін рухтың ең биік көріністерін айтсақ та болады. Ал оның 
қайнар көзі Ғарыштың өз ішіндегі тарту күштерінде болса керек, сондықтан көне 
заман ойшылдарының «Ғарыштық сүйіспеншілік» туралы интуициялары философия 
тарихында оқтын-оқтын қайталануда. 
Сүйіспеншіліктің ғажап түрі - жер бетіндегі барлық халықтардың мыңдаған 
жылдардағы жинаған ән-күйі мен дастандарының арқауына айналған махаббат сезімі. 
Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу, Төлеген мен Қыз-Жібектің бір-біріне деген жалынды 
махаббаты Ромео мен Джульетта, Лейла мен Мәжнүннің тағдыры сияқты, аянышты 
трагедиямен аяқталды. Бүгінгі таңда да қаншама Қыз-Жібек мен Төлегендердің бір-
біріне деген мөлдір махаббаты жартасқа соғылған толқындай күл-талқан болып 
жатыр!!! Тіпті бақытты жандардың махаббат сезімінің өзі-ақ оқтын-оқтын аянышты 
ахуалдар мен сезімдерге ұшырайтыны баршамызға мәлім. Онын себептерінің ішінде 
ғашықтардың бір-біріне деген жыныстық құмарту сезімінің жүре келе сарқылуында 
болса керек. Өкінішке қарай, ол мәңгілік емес, күндердің бір күнінде таусылады. 
Екіншіден, қоғам еміріндегі әлеуметтік мәселелердің қоятын тосқауылы. «Сүйген 
жармен күрке де жұмақтай» деген көпірме сөз ащы шындыққа келіп тірелгенде, нағыз 
тозаққа айналатыны сөзсіз. 
Әрине, махаббат сезімінің негізінде ғашықтардың бір-біріне деген жыныстық 
тартуы жатыр. Ғашықтардың сол жыныстық күш-қуаттары бір-біріне қосылуының 
негізінде Дүниеге жаңа өмір келеді емес пе? Сонымен қатар махаббатты толығынан 
жыныстық тартуға теңесек, онда адамның басқа жануарлардан айырмашылығы неде 
деген сұрақ тумай қоймайды. Австрия ғалымы В.Франкл қазіргі батыс қоғамында 
кеңінен тараған көзқарас - махаббатты тәндік-сезімдік ләззат алуға теңеу - қаншалықты 
жастарды жалған жолға түсіріп бақытсыздыққа әкелгені жөнінде айтады. Егерде 
адамның жүрегінде терең махаббат сезімі болмай, тек жыныстық ләззатқа ғана 
ұмтылып, соны ғана ойласа, ол біріншіден, «Дон-Жуанизмдікке» әкеліп, екіншіден, 
сол тұрпайы мақсаттың өзін жетілдіре алмайды. Шындығында, адамның махаббат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет