Нуржігіт Алтынбеков 704
сезімі оның бүкіл жан дүниесіндегі рухани күш-қуатпен безендіріліп толысады, неше
түрлі қиялдарды тудырып, шығармашылық шабыт әкеледі. Шын сүйген адам бүкіл
дүниені ізгілік жолымен өзгерткісі келеді, дүниедегі сан алуан құбылыстардың
ғажаптығын, әсемдігін жете түсінеді, өзінің және сүйіктісінің бойындағы бұрын
ашылмаған жаңа қасиеттерді тауып, раушан гүлі сияқты ашылады, қуанышқа толы
өмір тудырады. Нағыз өмірде болу дегеніміз - шын жүрегіңмен сүю, махаббаттың
отында лаулап жану дер едік. Сонда ғана толыққанды «мен бұл өмірде болдым!» деп
айтуға болатын сияқты.
Өзінің аса тереңдігі және риясыздығымен көрінетін сүйіспеншіліктің түрі - әке-
шеше мен балалардың бір-біріне деген сезімі. Әсіресе ана махаббатын асыра бағалау
мүмкін емес. Ана өз балаларын олар қандай да болса да, барлық жан-тәнімен сүйеді,
өйткені олар оның ішінен шықты. Ана әрқашанда өз балаларын қорғайды, оларды
кешіре біледі. Әкенің балаға деген махаббатына келер болсақ, ол ана сезіміне
қарағанда өзгеше. Әке балаларын өзіне теңеп, өзіне ұқсас болғанын қалайды, олардың
алдына үлкен талаптар қойып, олардың өмірде іске асуын армандап, тілейді. Әке
балаларын әрқашанда өз ырқына көндіргісі келеді. Ана баланың алдына қойылған
талаптар орындалмаса да, оны шүбәсіз сүйеді, оның жалғыз ғана талабы - баласы
бұл өмірде аман-есен болса екен. Адам қоғами пенде болғаннан кейін, әрине, жалғыз
ғана әке-шешесі емес, сонымен қатар басқа да туыс, жолдас-жора, көрші-көлемнің
ықпалына түсіп, жақынды сүю сезіміне шомылады. Жақынды сүю дегеніміз - бізді
қоршаған адамдарды өзімізбен тең құқты ретінде қарау, оларға қамқорлық көрсету,
өз жауапкершілігіңді сезіну, сыйлап, түсіністік дәрежесіне көтерілу, олардың өмірдегі
жетістіктері мен қайғы-қасіретіне бірдей ортақ болу т.с.с.
Жақынды сүю адамды оның білімі мен мәдениеті өскен сайын өз халқын, оның
аянышты да батырлық тарихын, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан әдет-
ғұрыптарын, тілін, көркем сөзі мен өрнектерін, ғажап әуендерін т.с.с. сүюге
итермелейді. Өз халқын сүйген адам, әрине, сол халықты тудырған айнала қоршаған
ортаны -табиғатты да сүйеді. Қазақ жері - жылы теңіздер аймалап жатқан Италия, я