Нуржігіт Алтынбеков 710
бірігіп қана өзінің сан алуан кажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде
ғана өмір сүре алады. Алғашқы кауымдық коғамдағы жазалаудың ен катаң түрі -
адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жалғыз
қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады.
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Ноmо Моrаlеs» деген
анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» десе,
Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол
жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік
сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның
қасиеті - оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын,
абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австрия
ғалымы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол
адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.
«Ноmо Аеstеtісus» - сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да адамның ғажап
жағын бізге көрсетеді. Адам - дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап, одан
ләззат алатын пенде. Ыстық жаз күндердің бірінде күннің орасан зор қан-қызыл түсте
батуы ешкімді де немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп
шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін мойындауға, оған бас июге итермелейді.
«Әсемдік Дүниені сақтап қалады», - деген Ф.Достоевскийдің нақыл сөзі жоғарыдағы
ойлардан шықса керек. Біз болсақ тек қана ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға
сенер едік, өйткені, өкінішке қарай, бүгінгі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның
талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі.
Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға «Ноmо Ludens» -ойнайтын адам деген ат
қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген
әлеуметгік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол - әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я
болмаса туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны
т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында
адам сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады.