Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет650/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
718 
қайшылығы философияда әртүрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни 
философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде 
құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды. 
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған 
(негіздеу) биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді. 
Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, 
олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, 
ломброзияндық, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады. 
Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі - ақ түсті 
адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін -артта қалған, табиғи дарындары мен 
қабілеттері төмен, - деп түсінеді. 
Қара нәсілшілдік отарланған Африка континенті халықтары өз бостандығын 
алғаннан кейін, олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен байланысты «негритюд» сияқты 
ілімдерде кездеседі. Ол қара адамдардың дүниені ақыл-оймен емес, сезім, инстинкт 
арқылы терең игеруі, әуендегі ритм мен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің 
молдығы т.с.с. мақтан етеді. 
Сары нәсілшілдік те ақтарды «піспеген», қараларды «күйіп кеткенге» теңейді. 
Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың бір-бірімен терең 
қатынастарға түсуі, бір-бірінің жетістіктерімен бөлісуі қайсыбір нәсілшілдікті 
тамырынан шабады. Бүгінгі уақыттың қойған «Талабына» барлық халықтар өзіне тән 
«Жауап» іздеуде. Өндіргіш күштерді казіргі замандағы ғылым мен техниканың 
жетістіктеріне сәйкес дамытқан елдер ішінде Оңтүстік Африканы (қаралар), 
Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) мысал ретінде келтіруге болар еді. Спорт, 
әуен, өнер, сәулет т.с.с. қоғам салаларын алсақ, онда да осындай жағдайды аңғаруға 
болады. Ең соңында, олардың түп-тамыры бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге 
болатын сияқты. Мысалы, ақ пен қара қосылған отбасында өмірге келген сәбиді 
мулат дейміз. Ал сары мен ақтың баласы метис аталады. Бұл әртүрлі нәсіл өкілдерінің 
бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді. Қайсыбір қарапайым өмірде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   646   647   648   649   650   651   652   653   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет