Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет65/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

ұлы сағым, елес, алдамыш. 
Сондықтан құмартуды суытып, Дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте 
сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз - өмірден бас тарту, 
бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай философиясы сияқты, буддизмде де біз 
бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз. 
Буддизм философиясы дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып, оның 
құдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарға бөлінген, адамды аяққа басып, 
хайуаннан 
төмен 
көрген 
қоғамда, 
«мен 
табиғаттың, 
қоғамның 
соқыр 
заңдылықтарынан, тәуелді Дүниеге келу заңынан жоғарымын, мен - адаммын» деген 
философияны буддизм дүниеге әкелді. 
Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған: «Мен сенен жоғарымын, өйткені мен сені өз 
ішімде болса да құрта аламын, мен өз еркіммен сенімен байлайтын құмартуды тоқтата 
аламын», - дейді. 
Адамзат тарихында мұндай батыл өмірден бас тартушылық ешқашан еш жерде 


Нуржігіт Алтынбеков 
72 
болған жоқ. 
Сонымен қатар буддизмнің гуманистік-адамгершілік жақтары - ой тазалығы, іс-
әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау
дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру т.с.с. адамзат рухының әрі қарай 
шыңдалуына зор әсерін тигізді. 
Үнді философиясындағы материалистік көзқарастар 
Әрине, Үнді философиясында идеалистік ағымдар басым болғанымен, сонымен 
қатар онда материалистік көзқарастар да пайда болды. 
Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ, олар 
дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар - жер, су, от, ауа, кеңістік. «Осы 
дүниеде бес тұрақты қосылған, оған джива неге керек (джива - жан-дүние). Егер 5 
тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосынды да жоқ. Ет, қан, май, сүйек, және оларды 
біріктіретін тарамыстан дене тұрады. Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ. Жұрт джива 
естиді деп айтады. Бірақ құлақпен біз естиміз бе?» - деген материалистік көзқарастарды 
біз кездестіреміз. «Джива (жан) дегеніміздің өзі - дене. Ал дененің бәрі қартаяды, 
өзгереді, құриды. Ең алдымен ескіріп, тесіліп, содан кейін құлайтын үй сияқты, сезім, 
манас (ақыл), жел де, ет пен қан да, сүйек те шіріп, әрбіреуі өзін тудырған заттарға 
айналады», - деген сөздерді оқуға болады. 
Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы материядан - 
пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (гун - қасиет) бар. 
Олар - саттва, раджас және тамас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет