Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет67/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
74 
«Білгің келсе, пракрити мен пуруша екеуінің де бастауы жоқ; біл, сананың өзгеруі 
пракритиден шығады; себеп пен іс-әрекеттің қайнар көзі пракритиде. Пуруша 
пракритидің тудырған гундарынан ләззат алады», - дейді. 
Қорыта келе, біз көне Үнді философиясынан тамаша ойлар кездестірдік. 
Олардың көбі біздің казіргі заманға лайық, бүгін өмір сүріп жатқан адамдарға 
өзінің зор әсерін тигізеді. 
Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық топтарында кейбір адамдардың Үнді 
дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі ол, әрине, бүгінгі 
таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты. Сонымен қатар Үнді халқының 
бейбіт рухы, адамның бұл өмірде орын табу жөніндегі толғанысы өзіне баурап, 
тартпай коймайды. 
§ 4. Антикалық мәдениет аясындағы философия 
Көне шығыс философиясынан кейін біз Батыс философиясына көшеміз. 
Әдебиетте оны антикалық философия дейді. Оның Отаны - қазіргі Греция. Грек 
философиясының әлеуметтік-экономикалық негіздері - патриархалдық-құлдық 
қоғамынан дамыған құл иеленушілік қоғамға көшу, қосымша құнды өсірудің негізінде 
байлықтың көзі ашылып, қала-мемлекеттердің қалыптасуы, интеллегенцияның дүниеге 
келуі т.с.с. Бұл үрдістер VI-V б.ғ.д. өтті. 
Грек философиясының қайнар көзі оның бай мифологиясында, гректердің өте 
терең нақыл сөздер қалдырып кеткен 7 дана аталарында. Сондықтан қысқаша оларға 
тоқтап кетпеуге болмайды. 
Грек мифологиясы 
Грек мифологиясы - осы күнгі уакытқа дейін адамзатты таңғалдыратын мәдени 
құбылыс. Ол - бүкіл Европа өркениетінің іргетасына сіңген, бүкіл ағарған адамзаттың 
рухани өміріне осы уақытқа дейін ықпалын тигізіп, шығармашылық шабыт туғызатын 
көне мәдениет туындылары. 


Нуржігіт Алтынбеков 
75 
Грек мифологиясынан сонау көне замандағы адамдардың өмір-салтын, олардың 
қиялдары мен үміттерін, табиғаттың құбылыстарына оның ашылмаған сырларына 
деген көзқарастары мен қорқыныш сезімдерін, Дүниенің қалайша пайда болғаны 
жөніндегі алғашқы түсініктерін байқауға болады. 
Грек мифологиясының кейіпкерлері осы уақытқа дейін өнер, философия, 
әдебиетте қолданылады. Кейбіреулерін атап өтейік. Грек мифологиясында ең 
жоғарғы құдай - Зевс - Кронның баласы. Ол өзінің інілері Посейдон мен Аидпен 
Дүниені бөліп алады. Зевске аспан, Посейдонға мұхит, Аидқа жер тиеді. Зевс 
аспандағы бұлттарды жинап, жерге жаңбыр жаудыртып, найзағайды жібереді, ол үй 
шаруасына көмектесетін Құдай. 
Грек мифологиясында егер Эрот махаббаттың Құдайы болса, өмірдегі қуаныш 
пен бақытты көрсетсе, Танатос өлім Құдайы болған. Ал оның інісі Гипнос - ұйқы 
Құдайы. 
Егер Афродита сүю меы құмарлықтың әсем Құдайы болса, онда Пандора әсем 
зұлымдықты көрсетеді. Зевстің бұйрығы бойынша, ұста Құдайы Гефест Пандораны 
өте әсем қылып жасап шығарды. Ол адамдарға келгенде өзімен әкелген қобдишасын 
ашып, бүкіл зұлымдықтарды жер бетіне шығарып жіберді, тек қана оның түбінде үміт 
қалыпты. 
Көне гректердің Құдайларының ішіндегі әділ қазысы - Фемида, әділеттілікті 
қадағалап байқап отыратын - Дике. 
Егер Эфир күн Құдайы болса, онда Нюкта - түн Құдайы. Нюкта ешкімге 
қосылмай жалғыз өзі алдауды, құмартуды, қайғыны, аштықты, кәрілік пен өлімді 
тудырыпты. 
Ал адамға келетін болсақ, грек мифологиясында оның жаны (психе) және ақыл-
ойы (нус) бар. Жануарлардың жаны болғанымен, олардың ақыл-ойы жоқ. Нус - 
адамдарға ғана тән құбылыс. 
Адам өмірінің ұзақтығын, жасын анықтайтын Құдай - ол Мойра, ал адамның 
тағдырын анықтайтын - Ананке. Ал Тихе деген тағдыр Құдайы белгілі бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет