Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет69/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
77 
Хилон былай депті: «Өзіңді тани біл», «Тойды арзан ақыға жаса» (әсіресе 
қазақтарға керек. - С.М.), «Өлгенді көтер, үлкенді сыйла», «Тілің ойыңнан озып 
кетпесін» (әсіресе бізге керек нақыл СӨЗ.-С.М.). 
Фалес: «Әке-шешеңді қалай сыйласаң, балаларың соны жасайды», «Ең жаман 
нәрсе – тәрбиесіздік», «Өлшемді сақта», «Елді басқару үшін ең алдымен өзіңді-өзің 
басқара біл». 
Питтак: «қорқыныш пен үрей болашақта, тыныштық еткенде», «Кек алудан 
гөрі кешіру жақсы». 
Биант: «Күнде айнаға қара: әсем болсаң, дұрыс жүр, кемшілігің болса 
түзетуге тырыс», «Өзімдікінің бәрін өзіммен бірге алып жүрмін». 
Периандр: «Талаптан. Сонда ғана барлық арманыңа жетесің», «Дүниедегі ең 
тамаша тыныштықта». 
Әрине, осы және басқа нақыл сөздерде жеті даналардың өмірден алған 
тәжірибесі, олардың дүниетанымы, адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі терең 
ойлары берілген. Осындай рухани тебіреністерден кейін грек даласында философияның 
өзі туады. 
Алғашқы философтар. Натурфилософиялық кезең 
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында дүниеге 
келеді. Олар тарихқа «фисиологтар» (рһуsis -табиғат, грек сөзі, nаturа - табиғат, латын 
сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. Дүние жөніндегі 
мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның 
негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат, біріншіден, сезіммен 
танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар 
Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға 
тырысады. 
Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар 
өздерінің «даналыққа деген құштарлығын», білімге деген талпыныстарын көрсеткісі 


Нуржігіт Алтынбеков 
78 
келеді. Пифагор айтқандай, «Толығынан дана - ол Құдай ғана, ал біз тек сол 
даналыққа құштармыз». 
Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп, Милет қаласынан шыққан Фалес 
(625-547 б.ғ.д.): «Алғашқы Дүниенің негізін құрайтын зат - су», деді. Өйткені су ең 
әртүрлі өзгеріске ұшырайтын табиғаттың заты, сондықтан ол табиғаттағы барлық 
өзгерістердің негізінде жатуы мүмкін. Фалес барлық заттардың қорегі дымқыл болып 
келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен дымқыл табиғаты бар деген ойларды 
айтыпты-мыс деген қағидалар тарихта қалған. Құрғақшылық тіршіліктің өліміне 
әкеледі. Өмір әрқашанда сумен байланысты, бәрі де судан шығады, су арқылы өмір 
сүреді де, суда өмірі бітеді. Аңыз бойынша Фалес - жүзімнің шырынын қысып 
шығаратын құрал жасаған адам. Мүмкін, бүл нәрсе де оның ойына судың, 
дымқылдың тірі өмірдегі маңызын көрсетсе керек. 
Ал адамның жан дүниесіне келер болсақ, Фалес оны барлық Дүниедегі заттарға 
теңеген. Магнит темірді тартады, олай болса темірдің де жаны бар деген екен. Олай 
болса, бүкіл Дүние тіршілікке толы. Мұндай көзқарасты біз гилозоизм дейміз (һуlе -
грек сөзі, материя, zое - өмір,тірі). Сонымен Фалес жанды бүкіл дүниедегі заттардың 
ішкі қозғайтын күші ретінде караған. 
Фалестен қалған кейбір нақыл сөздерді «Жеті дана» жөніндегі тарауымызда 
айттық. Тағы да басқа ойларын осы арада келтіруді жөн дейміз. Плутархтың айтуына 
қарағанда, Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. 
«Бәрінен де жасы үлкен кім?» «Құдай, өйткені ол тумаған». «Бәрінен де не 
үлкен?» «Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды.» Не нәрсе ең әсем? —Дүние, 
өйткені әсемдіктің бәрі оның құрамында. «Ең дана не?» - Уақыт, ол бәрін тудырды
тағы да тудырады. «Барлыққа ортақ не?» «Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтардың да 
үміті бар өмірден». т.с.с. 
Сонымен Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз-қиялдан айырылып, 
ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты. Милет мектебінің келесі үлкен 
ойшысы - Анаксимандр. Ол Фалестің жан досы, оқушысы болған деген пікір бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет