Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет673/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
742 
Қоршаған ортада миллиондаған тонна улы заттар айналымда. Тек кана 1тонна мұнай 
теңізге төгілгенде 12 кв км. кеңістікті жауып кетіп, оның астындағы тіршілікті құртады 
екен. Қоршаған ортаны ластаудың нәтижесінде ананың организмінде мутациялар 
болып, туа мүгедек балалардың саны бүкіл жер бетінде жыл сайын үрейлі түрде өсуде. 
Әсіресе экологиялық ахуал бүрынғы Кеңес Одағында қатты бұзылды. 
Капиталистік коғамдық жүйемен жарыс барысында алып өндіріс ошақтары 
жоспарланып салынғанда, оның әкелетін экологиялық салдарларына мән берілмеді. 
Тек қана бірер мысал келтірейік. Кремльдегі қартайған партия олигархтары 60-шы 
жж. біз күріш пен мақта өндіруде дербестік дәрежеге жетуіміз керек деген жалған 
ойды басшылыққа алып, Амудария мен Сырдария суын Өзбекстан мен Қазақстанның 
шөл далаларына ағызды. Соның нәтижесінде 30 млн. жыл бойы өмір сүрген Арал 
теңізі құрып, ширек ғасырдың шеңберінде экологиялық апат осы аймаққа келіп жетті. 
Орталық Қазақстанның әйгілі киігі Байқоңырдан ұшырылатын ракеталардың жағатын 
уға толы жанармайының салдарынан толығынан құрып кету жағдайында. Семей 
аймағындағы радиация мыңдаған адамдардың өмірін қысқартып, практикалық түрде 
геноцидке әкеліп жатыр. Мұндай деректердің санын жүздеп келтіруге болар еді. 
Оның көпшілігімен оқырман да таныс болар. 
Соңғы жылдары ешқандай ғылыми зерттеулерсіз-ақ жер бетіндегі ауа райының 
өзгеріп жатқанын байқауға болады. Теңіз бен мұхитқа жақын елдер неше түрлі цунами, 
тайфундардың зардабын көруде. Аляскадағы мұхит жағалауындағы қалашықтар су 
астында қалып, көшірілуде. Орта Азия мен Қазакстанның ауа райы да өзгеріске 
түсуде. Әсіресе аянышты жағдай Африка континентінде байқалуда. Ал бұл деректердің 
өзі экологиялық мәселелердің бүкіладамзаттың мүдделеріне әсерін тигізетінін 
көрсетеді. Оның негізгі себебі ауаның, өзен мен теңіздің суларының ұлттық 
шекарасының жоқтығынан шығады. Егер бір жер ластанса, ауа мен су арқылы ол 
басқа жерлерге де тарайды. Сондықтан бүкіл адамзаттың басы бірікпей, экологиялық 
мәселелерді шеиіу мүмкін емес. 
Бұл арада бүгінгі таңда кейбір мемлекеттердің ұлттық жақын арадағы мүдделері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет