Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет80/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   692
адамгершілік бағытын ашты деген пікірге келуге болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
91 
Софистердің арасындағы ең кең танылған тұлға - Протагор (481-411 б.ғ.д.) Оның 
«Еватл» деген софизмімен танысайық. 
Протагор өзінің оқушысы Еватлмен келісімге келеді: егер Еватл алғашқы рет 
сотта жеңіске жетсе, онда Протагорға ақша төлеуге тиіс. 
Бірақ Еватл асықпайды. Онда Протагор Еватлға: «Мен сені сотқа беремін», - деп 
қорқытады. Оған Еватл: «Келісім бойынша мен сотта жеңіске жетсем ғана төлеймін, 
мен әлі бір сотты да ұтқан жоқпын», — дейді. 
Сонда Протагор айтыпты: «Егер мен сотта сені ұтсам, онда соттың шешімі 
бойынша сен төлейсің, егер сен ұтсаң, онда бәрібір төлейсің, келісім бойынша». 
Оған Еватл былай депті: «Егер мен ұтылсам, онда төлемеймін, келісім 
бойынша, ал егер ұтсам, онда төлемеймін соттың шешімі бойынша». 
Осындай софизмдердің негізінде Протагор мынандай тұжырымға келеді: әр нәрсе 
жөнінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі пікір айтуға болады. Олай болса, мәселенің 
бір жағына шығу керек, оның кепілі - адамның өзі. Сондықтан Протагор өзінің 
атақты нақыл сөзін айтады: Адам — барлық заттың өлшемі, олардың барының 
барлығын, жоғының жоғын көрсетеді. «Адам өлшем» дегеніміз, маған қандай 
болып зат көрінсе, ол - сондай, ал саған керісінше көрінсе, ол саған — сондай. Оны 
қазақ: «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді», — деген. 
Сонымен Протагордың айтуынша, бәрі де салыстырмалы, еш жерде соңғы ақиқат, 
ең кұнды моральдық кағидалар, нормалар т.с.с. жоқ. 
Олай болса, өз пікіріңді дәлелдей ал, айтыста өз оиыңның артықшылығын 
көрсете біл, қате пікірдің әлсіз жағын тауып алуға тырыс. Тіпті эйдік болсаң, нәзік 
дэлелдемені күшейтіп, күшті дәлелдемені теріске шығара біл. 
Протагордың окушылары саяси мінбелерге шығып, өздерінің қарсыластарын 
жеңе білген, өздерінің табиғи дарындарын ашып, саяси өмірге белсенді қатысқан. Ал 
мұның өзі Протагордың даңкын арттырған. 
Қорыта келе, мынаны айту керек. Егер адамның жететш ақиқатының бәрі 
салыстырмалы болса, онда оларды салыстырып, пайдалысын таңдай біл және оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет