Нуржігіт Алтынбеков
104
Қайшылықты жоққа шығару заңы (А = В). Үшіншіні жоққа шығару заңы
(А=А, ия болмаса А= В, яғни екеуінің біреуі дүрыс (үшіншіге жол жоқ).
Бұл логиканың үш заңы ұғымдарды тек бір мағынада пайдаланып, олардан
шығатын тұжырымдардың бір-біріне қайшы келмеуін талап етеді. Осы талаптың
негізінде силлогизмдер құрылады. Мысалы:
Барлық адамдар өлмек; Сократ - адам;
Олай болса, Сократ өлмек.
Аристотельдің логикасында адамдардың ой-тұжырымдырында кездесетін
қателіктер талданады. Олар көбінесе сөздердің көп мағыналығынан шығуы мүмкін
(омономия). Мысалы, шаш — бір жағынан шашу, лақтыру, екінші жағынан адамның
басындағы шашы ретінде қолданылады.
Қателіктер белгілі ойларды
бір-бірімен дұрыс қоспай, ия болмаса дұрыс
белмеуден шығуы мүмкін, ия болмаса мәннің
орнына кездейсоқтық қасиет
қолданылуы мүмкін т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: