Нуржігіт Алтынбеков
96
Үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы,
оның негізгі ұғым-
кұндылықтары - Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік.
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғьмы.
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі - оның «Эйдос» (идея)
әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние -
ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде
тұрактылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғьмдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге
тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз.
Олай болса,
оның кайнар көзі «Шынайы болмыста» Эйдос әлемінде, «қол астындағы
болмыстан» біз оны таба алмаймыз.
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы
Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда
көреміз.
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: «Расында
да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділіттіліктен
барлык әділеттік, әсемдіктен барлық
әсем заттар тумай ма?»
- Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - Әсемдік ол - әсем қыз, мысалы.
Оған Сократ: «Неге әсем би, ия әсем кұмыра емес?» - деген сұрақ қояды. Әрбір
зат бір жағынан әсем, екінші жағынан,
басқа заттармен салыстырсақ, түрсіз болуы
мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой.
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан
іздейді, бірақ таба алмайды.
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идеясында жатыр.
Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». Сонымен
сезімдік әлемнен басқа тұрақты,
мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем - идеялар әлемі бар екен. Егер
бұл әлемдегі затгар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға
идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар - ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол