Нуржігіт Алтынбеков
100
пайда болады.
Үшінші сатыда Сүйіспеншілік бізді идея әлеміндегі әсемдіктің өзімен
ұштастырады.
Платон метафизикалық, гносеологиялык, этикалык мәселелерді әлеуметтік саяси
мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның «Саясаткер», «Мемлекет», «Заңдар»
деген еңбектерінде көрсетілген.
Ойшыл қоғамның пайда болуын терең қараған. Егер жануарлар өзіне керектінің
бәрін тағы табиғатта дайын күйінде тауып алса, адамдар жеке-жеке өзіне керек
қажеттіктерді өтей алмайды, екіншіден, ол кажеттіктердің көбі еңбек процесінде
жасалады, даяр түрінде табиғатта жоқ. Сондықтан адамдар қоғам болып бірігіп өмір
сүреді. Біреуі жер жыртады, екіншісі - бала оқытады, үшіншісі үй салады т.с.с.
Жалпы алғанда, Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік топтарға
бөледі. Төменгі топ шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер т.с.с. тұрады. Олар
қоғамның материалдық қажеттіктерін қамтамасыз етеді.
Адамды ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек, ол үшін полиске жауынгерлер
керек.
Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны эділіттіліктің, ізгі-ліктің негізінде
жүргізу керек. Ал оған даналық керек. Оны жүргізе алатын - философтар. Біз,
философтар, осы уақытқа дейін Платонға өзіміздің алғысымызды айтамыз. Бірақ
философтар елді басқара алмайды: ол үшін олар көп моральдық адамгершілік
қасиеттерінен арылуы керек, өйткені саясатта ашық шындық талаптарының оқтын-
оқтын моральдық нормалар беретін талаптар кеңістігінен шығып кетуіне әкеледі.
Бүл үш әлеуметтік топтың қажеттігін Платон психологиялық тұрғыдан да
толықтырады. Адамның жан дүниесінде ақыл-ой, ерік, іңкәрлік қалай бір-бірімен
үйлесімді болса, қоғамда да әлеуметтік топтар соған байланысты өмір сүруі керек.
Үкіметті басқаратын адамның жан дүниесінде ақыл-ой, даналық басымырақ
Нуржігіт Алтынбеков
101
болуы керек; жауынгерлердің жүрегінде қызбалык, құштарлық басым болуы керек.
Ал көпшілік халықтың жан дүниесінде — өмірге, байлыкқа деген іңкәрлік басым
болуы керек.
Жекеменшік өлшемді түрде, негізінен алғанда, халықтың қолында болуы қажет,
ал жекеменшік бар жерде отбасы, бала-шаға, мұрагерлік деген бар.
Ал жоғарыдағы екі топта жекеменшік болмауы қажет. Мемлекет басқарып
отырған адамдарда байлыққа деген ынта болса, онда олар заңдарды өздерінің
мүдделеріне сай етіп бұрмалауы мүмкін, ол халықты әрі қарай кедейлетіп,
байларды әрі қарай байытады. Ол үшін олардың отбасылары болмауы керек, сонда
ғана ол байлыққа қызықпай, елді әділ жолмен басқарады.
Жауынгерлерге келер болсақ, жекеменшік олардың негізгі қызметіне - елді
қорғауға, тәртіпті қадағалауға үстірт қарауларына, қолындағы қару-жарақты өз жеке
мүддесіне пайдалануы мүмкін.
Мемлекет жоғарғы топтардағы еркектер мен әйелдердің қарым-қатынасын
арнаулы ұйымдар арқылы ретке келтіріп отырады; олардан туған балаларды
арнаулы мекемелерге жіберіп, мемлекет тәрбиелейді: олар өздерінің әке-
шешелерінің кім екенін, ал әке-шешелері балаларын танымаулары керек.
Оқырманның байқағанындай, Платон мемлекетінің кейбір жақтары екі
мыңжылдан артық уақыттан кейін XX ғасырда пайда болған тоталитарлық
тәртіптерден көрінді. Бұрынғы кеңес қоғамындағы мемлекеттің рөлі Платонның
мемлекетінен кем болған жоқ шығар. Мемлекет жекеменшікті жойып, барлық
ұлттық байлықты өз қарамағына алған болатын, тек отбасыларды жойып, әйелдерді
ортақ қылмағаны болмаса. Германиядағы фашистер соғыс кезінде соғыстың
алдыңғы шегіндегі офицерлерді санаторийлерге кезекпен демалуға шақырып,
оларды сұлу, денсаулығы жақсы неміс әйелдерімен уақытша қосып отырған.
Ондағы мақсаттары - арий тұқымын жақсарту, болашақ қоғамның әлитасын құратын
ұрпақты жасау. Алайда ол әйелдер көбінесе мүгедек сәбилерді дүниеге
әкелген, өйткені жаңа өмір махаббаттың туындысы емес пе? Сонымен
|