Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет274/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
313 
жүйелеу мүмкін емес. Қайсыбір жүйе — аяқталғандықпен тең, ал болмыс өне бойы 
өзгерісте. Екінші жағынан, Гегель тұлғаны объективті нақтылы-тарихи шеңбердің 
ішіне қойып түсінеді, яғни жеке тұлғаның өзіндік кайталанбайтын тек соған ғана тэн 
өмірі, оның еркі тарихтың кадамының астында көміледі. Сондықтан ол Гегельдің 
объективтік диалектикасына өзінің субъективті, жеке тұлғаның өмір сүру 
(экзистенциалдық) диалектикасын қарсы қояды. Оның ойынша, қайсыбір дүние 
жөніндегі жаратылыстануға негізделген ғылыми көзқарас - зұлымдықтың нышаны. 
«Жаратылыстану ең соңында адамзаттың құруына әкелуі мүмкін», - дейді 
Кьеркогер. Ойшылдың бұл пікірін үстірт карамай терең ойласақ, расында да, бүгінгі 
таңда ғылым адамға көп жақсылық әкелгенін бәріміз де білеміз, сонымен қатар 
ядролық соғыс пен экологиялық апаттың мүмкіндігін адамзат жоя алмай отырғаны да - 
бүгінгі таңдағы ақикат. 
Кьеркогердің ызасын келтіретін нәрсе - ол адамды объект ретінде қарап 
зерттеу, өйткені адам - рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен дененің 
бірлігі, жеме-жемге келгенде, ол -рух. Ойшыл рух - ойлаумен тең емес, олай 
болса, ол қисынның заңдарына тәуелді емес деген пікірге келеді. Сондықтан 
философияның негізгі мәселесіне нақтылы адамның өмір сүруі, оның өзіндік 
санасы, ішкі рухани өмірі жатуы керек. Егер Сократ дүниені түсіну үшін ең алдымен 
«өзіңді тани біл» деген болса, Кьеркогер тек қана адамның ішкі өмірін танумен
қанағаттанып, сыртқы дүниені, болмысты танудан үзілді-кесілді бас тартады. 
«Шындық, сыртқы өмір бар ма?» - деген сұраққа ол теріс жауап береді. 
«Шындық - ол ішкі дүние (innerlichkeit), Меннің өз Меніне деген қатынасы». 
Адамның ішкі өмірі объект болмағаннан кейін танылмайды, оны тек қана тебірентуге 
ғана болады. Сондықтан Кьеркогер адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа
категорияларды философияға еңгізеді. Олар: өмір сүру, үрей, сәт, өту, секіру, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет