Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет439/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
501 
Бүгінгі реформалар барысында қоғам үлкен өзгерістерге түсіп, мыңдаған жаңа 
құбылыстар дүниеге келді. Бұрынғы қоғамнан қалған өмір құндылықтары басқаларға 
ауысып жатқан кезде, біршама тартымды кұбылыстармен қатар терісағарлар да 
баршылық. Осындай ахуалда өз терең болмысыңды сақтап қалу, өмірге керек 
құндылықтарды игеру, сонымен қатар көп келеңсіз жайттармен күресу - әрбір 
саналы азаматтың міндеті болмақ. 
§ 5, Сапа мен сан ұғымдары 
Жоғарыда көрсетілгендей, жекелік, дербестік - болмыстағы заттардың өмір сүру 
тэсілі. Әрбір зат, күбылыс - ерекше, шектел-ген, басқаға үқсамайды. Тарихи алғашқы 
адамдар заттардың осы жақтарына өз назарын аударады. Оның әрбір қажеттілігін 
өтейтін зат — дара, өзгеше больш көрінеді. Міне, осы сәттен бастап, сапа ұғымы 
дүниеге келе бастайды. Сапа дегеніміз — заттың болмыстағы анықтығы, соның 
арқасында оны басқадан айыруға мүмкіндік аламыз. Ол адамға қарапайым аңлау, 
меңзеу аркылы беріледі. 
Аристотельдің ойынша сапа дегеніміз заттың тектік айырмашылығы, сонымен 
қатар, ол өне бойы өзгерісте болады. 
Орта ғасырдағы діни философияда сапа өзгермейтіы, маңгілік, заттардың ішкі 
сыры ретінде түсіндірілді. 
Жаңа дәуірде ғылымның күрт дамуына байланысты заттың сапасынан гөрі, сандық 
жағына мейлінше көңіл бөлінді. Бірақ сапаны ерекше зерттеп оны екіге - бірінші 
жэне екінші сапаға бөлген Дж.Локк болды. Егер заттың кеңістіктегі көлемі, салмағы, 
түрі, қозғалысын ол біріншіге жатқызса, иіс, дыбыс, түс, дэмді -екіншіге теңеді. 
Гегельдің түсінігі бойынша, сапа - қарапайым нақтылық. Бірдеңе өз сапасы 
арқылы сол, ал одан айырылса, өзін де жойып, басқаға айналады. Сапа - іштей 
қайшылыққа толы, ол өз ішінде теңдік пен айырмашылық, шынайылық пен терістеу, 
шектеулік пен шексіздік, бірдеңе мен өзгені қамтиды. Осындай талдаудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет