Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет96/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104

8.4.АСФАЛЬТТӨСЕГІШТЕР


Асфальттөсегіш негіздеменің үстіне ыстық асфальтбетон қабаттарын төсем тегіс, бірдей қалыңдықта (ұзындығы мен ені бойынша) болуы үшін үйлестіруге жəне оның ақырғы тығыздануы мен
тегістелуіне қолданылатын ауыр катоктардың массасын
көтере алатындай болуына
ықпал етуге арналған. Бұл
талаптар
асфальттөсегіш жабдықталатын міндетті механизмдер ме2н74құрылғылар жиынтығын білдіреді.
Шынжыр табанды қозғалтқыш (8.9 сурет) беріктігі азырақ негіздемелерде жұмыс жасағанда, асфальттың төселетін үлкен енінде, «суық» жəне ірі кесекті қоспаларда, сонымен қатар ауыр жұмыс құрылғыларымен жабдықталған, үлкен жұмыс көлемімен айналысатын жоғары өнімділіктегі асфальттөсегіштерде қолданылады. Шынжыр табанды машиналар қала сыртындағы жолдарды асфальттау барысында, сонымен қатар ұшып-қону жолақтарын жəне аэродромдардың жермен жүру жолдарын асфальттауда жиі қолданады. Шынжыр табанды машиналардың жылдамдығы əдетте 5 км/сағ.-тан аспайды.

275


    1. сурет. Шынжыр табанды асфальттӛсегіш

Асфальттөсегіштердің металл шынжыр табанды трактары əдетте тегіс болып табылады. Кейде оларды серпінді материалмен жабады, мысалы, полиуретанды жастықпен жабады. Ол қозғалтқыштың тозуын жəне пайдалану шығындарын азайтады, сонымен қатар тірегіштерді азырақ бұзылуына ықпал етеді. Кейбір модельдер резеңке шынжыр табандымен жинақталады. Ол тұрақты жəне шусыз 11 км/сағ.-қа дейінгі жылдамдықтағы қозғалысты қамтамасыз етеді.


Асфальттөсегіштің шынжыр табанды арбасы шынжыр табанын автоматты гидроцилиндрмен тартылады жəне тірегіш айналмалмаларының көп болуымен (7.. .9) ерекшеленеді. Ол айналмалылар тірек төсем бетінде массаның бірдей төселуін қамтамасыз етеді (8.10 сурет). Шынжыр табанды асфальттөсегіштің гидрокөлемді планетарлық мотор-бəсеңдеткіші шынжыр табанды арбаның жұлдызшасымен байланыстырылады. Көпдискілі аялдамалы тежегіштер бүйір бəсеңдеткіштің бір бөлігі болып табылады, ал тежегіштік жұмыс жүйесінің қызметтерін гидрокөлемді трансмиссия атқарады. Шынжыр табанды машиналардың төзімділігі басқару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол түрлі бүйірлердегі шынжыр табандардың жылдамдығының электрондық блокпен үндестігіне қол жеткізеді.



    1. сурет. Тірегіш айналмалылардың кӛп болуы жəне серпінді жастықшалардың

болуы тӛсем бетінде машина массасының бірдей бӛлінуін жəне оның зақымдануын болдырмауды қамтамасыз етеді


    1. сурет. Дөңгелекті асфальттөсегіш



Дөңгелекті қозғалтқыш (8.11 сурет) өнімділігі аз жəне орташа болатын машиналарға тиімді. Мұндай машиналар қала жағдайында жұмыс жасайды. Өйткені қала жағдайында жиі көшу асфальттөсегіштен жоғары көліктік жылдамдықты талап етеді. Ал машина негізінен қатты жабын бойымен қозғалады. Дөңгелекті асфальттөсегіштің көліктік жылдамдығы 20 км/сағ жəне одан артық болады.
Дөңгелекті машиналардың реттелетін гидроматоры кейде беріліс қорабына жетеді, ал кейде артқы белдігінің дифференциалына жеткізіледі. Ол жерде негізгі жетекші үлкен диаметрлі пневмодөңгелектер арасында бөлінеді. Қажетіне қарай тарту күшінің артуы кезінде дифференциал бұғатталуы ықтимал. Сонымен қатар бүйір бəсеңдеткіштерімен жəне оларға орналасқан көпдискілі тежегіші бар мотор-дөңгелекті пайдалануы мүмкін.
Алдыңғы көршілес дөңгелектер артқы пневмодөңгелектерден шамамен екі есе кіші болады. Ал олардың тоғыны резеңкемен қапталған. Көптеген жағдайларда басқарылатын дқңгелектердің екі жұбын қарастырады. Бір бүйірдің дөңгелектері иінге бекітілсе, олардың ортасы машинаның жақтауымен топсалы байланысқан (8.12 сурет). Осының арқасында жүгі бар машинаның тірегіш жабынға қысымы төмендеп, тегіс емес бетте оның ауытқу амплитудасы азаяды.




    1. 276
      сурет. Алдыңғы дөңгелектердің теңгергіш арбасы

Кейде асфальттөсегіштің тарту күшін көбейту үшін жетекші алдыңғы мотор-дөңгелектерді орнатады. Егер алдыңғы екі дөңгелектің біреуі ғана жетекші болса (əдетте ортаңғысы), бұл жұптың айналу өсі иіннің тербелу өсіне жақын орналасады. Осының арқасында жетекші басқарылатын дөңгелектер үлкен тарту күшін туындатады, бұған қоса əлсіз жерлерде алдыңғы дөңгелектердің көмілуінің алдын алады. Кейде асфальттөсегіштерді машина еңсеретін кедергілер жағдайында жетекші дөңгелектердің мəнін автоматты ыңғайлау жүйесімен жабдықтайды.


Екі жұпты артқы дөңгелекті дөңгелекті асфальттөсегіштер артқы балансирлермен жабдықталады, олардың қозғалуы гидроцилиндрмен шектеледі. Көліктік қозғалыс жасағанда
гидроцилиндр алдыңғы дөңгелектерін көтереді. Сөйтіп ол оңтайландыруды жеңілдетеді, беріктікке байланысты жұмыс барысында негіздеме күшті дөңгелектер арасында біркелкі бөледі немесе алдыңғы дөңгелектерге үстеме күш түсіреді.
Асфальттөсегіш құрылғысының типіне тəуелсіз, гидрокөлемді трансмиссиямен жабдықталады. Ол жылдамдықты сатысыз реттейды жəне машина қозғалысын жұмыс жəне көліктік диапазонда кері қимылдатады. Автоматты басқару элементтері трансмиссияның жұмысымен машина жүргізушінің жұмысын жеңілдете түседі жəне асфальтбетонды төсеу сапасын жоғарылатады.
Электрогидравликалық сервожетек аз уақыттық демалыстан кейін (мысалы, қоспаны жүктеп алу үшін) машина жүргізушінің қатысуынсыз алдында тапсырылған жылдамдықпен машина қозғалысын əрі қарай жалғастырады. Төсеу жылдамдығы басқару жүйесіндегі дисктік циферблатта қойылады, кейін оны қанша қажет болса, сонша ұстап тұра алады. Тарту контроллері қозғалыс бағытын жəне күш мөлшерін дəл таңдауды қамтамасыз етеді.
Күш агрегаты ретінде асфальттөсегіштер дизель қозғалтқыштарымен жабдықталады. Бұл қозғалтқыштар шасси ортасындағы машина өсіне көлденең орналасады. Күш құрылғысының қуатының қоры жұмыс жəне көліктік жылдамдықты арттыруға мүмкіндік к береді, сонымен қатар көп жұмысшылар мен қосымша көмекші операцияларды қиыстырады.
Күш жетектерін жəне жұмыс органдарын қоректендіретін гидросорғыштар ауысымдық агрегаттар түрінде жасалған. Олар қуат алу нүктесінде қозғалтқышқа түйіседі. Қозғалтқыш жұмысын басқару автоматтандырылған.
Осылайша, жанаспайтын индукциялық тетік орындаушы механизм арқылы жанармай сорғышын реттеуші механизміне əсер ете отыра, қозғалтқыштың білігінің жылдамдығын оны күштің шамасынан тəуелсіз тұрақты дəрежеде ұстап тұрып, реттейді. Автоматты түрде басқару тəуелсіз агрегаттардың жұмысына келісім бере отыра қозғалтқыштың қуатын жақсырақ пайдалануға мүмкіндік к береді. Автоматты түрде басқару агрегаттардың арасындағы қуат ағынын күшке орай бөледі.
Асфальттөсегіштің шассиінің алдыңғы бөлігінде (8.13 сурет) төсенетін материалға арналған бункер орналасқан. Ол технологиялық көліктен жүктеледі. Үлкен өнімділікті машиналармен бірлескен жинақта өздігінен жүретін конвейер-тиегіш қолданылады. Ол конвейер асфальттөсегіштің жылдамдығының ауытқуын болдырмайды.



    1. сурет. Асфальттөсегіштің агрегаттары:

1 – шасси жақтауы; 2 – бұрандамалы шығыршы2қ7;73 - бункер; 4 – моторлы бөлік; 5 – басқару бекеті; 6 – жұмыс органдарының блогының гидроцилиндрі; 7 – жұмыс органдарының блогы; 8
үйлестіргіш иірме; 9 жетекші артқы дөңгелектер; 10 жұмыс органдары блогының иінтірегі; 11
реттеудің гидроцилиндрі; 12 – алдыңғы дөңгелектердің теңгергіш арбасы
Бункердің сыйымдылығын арттыруға деген қажеттілік борты шалқаятын бункерлі машиналардың пайда болуына алып келді. Шалқайылатын борттар сонымен қатар бункердік қабырғасында қалып қоятын пайдаланылмаған қоспаның мөлшерін азайтады жəне оның суынып кетуін баяулатады. Борттар шалқаяды жəне гидроцилиндрлер арқылы көтеріледі.
Бункердік түбіндегі екі қырнауыш қоректендіргіштер (8.14 сурет) қоспаның төменгі қабаттарын бункерден иірме камераға тасымалдайды. Иірме камера машинаның артқы қабырғасы мен ілулі жұмыс органы арасында орналасқан. Бұл орайда қоспа бункердің артқы қабырғасының терезесі жəне машина корпусындағы туннель арқылы өтеді. Туннель машина жүргізушінің жұмыс аумағында басқару тетігі арқылы жасалған. Кейде бункерден қырғыш қоректендіргіш арқылы шығарылатын қоспа мөлшері бункердік артқы қабырғасындағы терезенің биіктігін өзгертетін шибер жапқышпен реттеледі.
Жапқышты машина жүргізуші бұрандалы берілімдер немесе гидроцилиндрлер арқылы қолмен
де жылжытуы мүмкін. Заманауи асфальттөсегіштердің көбінің өнімділігі олардың жылдамдығын өзгертумен реттеледі. Гидромоторлардың жұмыстары қатты сəйкестендірілмейді, сондықтан олардың өнімділігі бір-бірінен айырмашылыққа ие болуы ықтимал. Олар машина жүргізуші арқылы қолмен реттеледі немесе иірме камерадағы қоспаның санын автоматты түрде бақылау арқылы реттеледі.

1 3

    1. сурет. Асфальттөсегіштің бункері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет