Оқулық бб. 02 «Жол машиналары, автокөліктер мен тракторларды пайдалану»



бет93/104
Дата15.11.2023
өлшемі17,2 Mb.
#124164
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Байланысты:
көтеріп тасымалдау маш

Отандық автогудронаторлардың техникалық сипаттамалары

    1. кесте



Маркасы


Базалық шасси

Цистернаның сиымдылығы,м
3

Суу жылдамжд ығы, °С/сағ

Қыздыру жылдамдығ ы,°С/сағ

Қҧю ені,м

Қҧю нормасы,л/ м2

ДС-39Б


зил 433362

4,0


4


10


4,8


0,
5..
.

2,5


ДС-142Б

КамАЗ 53213

7,5

4

10

4,8

0,
5..
.

2,5

СД-203

КамАз 5410

1,0

-

10

4,0


5..
.

3,0

СДК-100

КамАз

12,0

-

15

4,5

0,
1.

4,0

БЦМ-07

54112

15,0

4

15

2,5 ... 5,0

2.

3,0


0,

0,
8.3.ЦЕМЕНТБЕТОН ЖАБЫНДАРЫҚҰРЫЛЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР


Цементбетон жабындары машиналар жиынтығымен салынады. Олардың əрқайсысы міндетті жұмыстардың құрамына енетін бір немесе бірнеше технологиялық операциялар жүзеге асырады. Олардың қатарына топырақ негізін бейіндеу, цементбетонды қоспаны арматураны пайдалана отыра плиталарды қалыптай отыра төсеу жəне плита бетін жөндеу жұмыстары жатады. Жұмыстар машиналар арқылы рельсдөңгелекті немесе шынжыр табанды жүріспен жүзеге асырылады. Рельсдөңгелекті машиналар бір уақытта жабынның бетон плитасын қалыптастыратын қалыптың рөлін ойнайтын рельсформалар арқылы қозғалады. Жабынды енінен бірнеше өткел арқылы ұзарту барысында рельсдөңгелекті машиналардың екі жағындағы нем26е9се бір жағындағы ребордалы дөңгелек доңғалқырсыз (ребордасыз) катокпен алмастырылады. Ол бұрын төселген жолақ арқылы дөңгелейді (8.5 сурет).


Шынжыр табанды бетонтөсегіш машиналар үйінді бетімен қозғалады, ал бетонды тақтаның шеттері сырғанақ қалып арқылы қалыптасады.
4 1 2 3

8.5 сурет. Рельсдөңгелекті бетонтөсегіш машиналардың қозғалыс жабдығының құрастырылуы
нұсқасы:
а – рельсформалармен қозғалыс; б – рельсформа жəне дайын жолақ бойынша қозғалыс; в – дайын жолақ бойынша қозғалыс; 1 – қырлы дөңгелек; 2 – бетондалатын жолақ; 3 – екі ребордалық дөңгелек; 4 – топырақ негіз; 5 – доңғалқырсыз каток; 6 – бұрын салынған жолақ

Шынжыр табанды жиынтықты машиналардың жұмыс құрылғылары жүйеленген төртарбалы гидрокөлемді жəне жылдамдықты, қозғалыстың бағытын жəне шасси жақтауының орнын басқарудың автоматты жүйесімен шынжыр табанды шассиде (8.6 сурет) жөнделеді. Координаталарды анықтау үшін сым немесе ұзын металл қос сырық пайдаланылуы мүмкін. Лазерлер қымбат болуынан жəне дұрыс көрінбеу жағдайында (кездейсоқ кедергілер, жоғары шаң басу, тұман, қолайсыз ауа райы) сенімсіз жұмыс жасауынан əзірге кең қолданысқа ие болған жоқ.


Цементбетон жабыны құрылысына арналған рельстік жəне шынжыр табанды жиынтықтарға енетін жұмыс машиналары бөлшектерінің жұмыс жасау қағидасы жəне тағайындалуы жиі қолданылатын құрылғының типімен байланысты емес. Қазіргі уақытта шынжыр табанды машиналар кең таралған. Олар рельсформаларды монтаждау жəне демонтаждау қосымша операцияларынан бас тартуға мүмкіндік к береді, қосымша техниканы жəне қызмет көрсететін қызметкерді тартуды, олардың жабынға цементбетонды төсеумен байланысты көліктік жəне жұмыс операцияларын бірге атқаруын талап етеді.
Рельссіз машиналар жиынтығы негіздемені пішіндеушіден, цементбетон қоспасын үлестіргіштен, сырғанақ формалары бар бетонтөсегіштен, таза өңдегіштен, жабынның кедір- бұдырлығына жəне қорғаныс қабықшасын жүргізуге арналған машиналардан тұрады. Жиынтыққа кірмесе де оның жұмысын қатқан бетон тақтамен қозғалатын көлденең жəне бойлаған жіктерді кескіш сүйемелейді.
Іргетасты кескіндегіш жер төсемінің жоғары қабатын үйлестіруге жəне кескіндеуге, жұмсартуға арналған. Сонымен қатар ол топырақ-құмды қоспаларға, қиыршық тасқа, ұсақ тасқа жəне топырақты тығыздауға арналған.
2 3 4 5

8.6. сурет. Цементбетонды жабынның құрылысы бойынша машиналар жиынтығына арналған төрттіреуішті шынжыр табанды шассидің құрастыру сызбасы:


1 – арбаның бекітілу ашасы; 2 – шынжыр табанды арба; 3 - гидроцилиндр; 4 – шассидің арыс
тірегі; 5 – шассидің жақтауы

Негіздемеге төселген топырақтың типіне байланысты кескіндегіш əртүрлі жұмыс құралдарымен жиынтықталуы мүмкін. Сазды жерде жұмыс жасау барысында кескіндегіш пышақты қайырма қолданылады. Негіздемені тығыздалған топырақпен кескіндеу барысында тегістегіш


қайырмасы бар фрезаны пайдаланады. Құмды негіздемеге тегістегіш қайырмасы бар иірме үлестіргіш бəрінен де сəйкес келеді. Кескіндегіштің барлық жұмыс бөлшектері екі секциядан тұрады. Оларды бір жағы құламалы жабынды да, екі жағы құламалы жабынды да кескіндеуге баптауға болады.
Қайта тиегіш конвейер кескіндеу кезінде жол жиегінде немесе көлікте пайда болатын топырақтың немесе жол-құрылыс материалдарының артықтарын салып алуға арналған. Ол кескіндемешіге аспалы құрал болып табылады жəне оператор арқылы орталық басқару тетігінен басқарылады. Төменгі жинақтаушы конвейер негіздемеден жұмыс жасаушылар алған жол-құрылыс материалдарының артық заттарын қабылдап алады жəне оларды жоғары жүк түсіретін конвейердің қабылдағыш шұңқырына тиейді. Жүк түсіретін конвейер 4 м биіктікке жəне одан да биікке көтеріле алады жəне 180°-қа бұрылу мүмкіндік гіне ие. Осының арқасында топырақ немесе жол жиегінің кез келген орнындағы үйінді көлікке тиеледі.
Негіздемені кескіндегіштің жұмыс өнімділігі (Ппр) келесі формула бойныша есептеледі




мұнда, Ьпол – кескінделетін жолақтың ені; Цфак – кескіндеудің орташа жұмыс жылдамдығы; кпер
– көрші жолақтарды кескіндеу барысында өткелді жабу коэффициенті (кпер = 1,1); кв – ауыстыру уақыт пайдалану коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет