17
Сондықтан, Шоттки диодын сонымен қатар негізгі тасымалдауыштарда
жұмыс істейтін диод деп те атайды.
Шоттки диодтарының айрықша
ерекшелігі
р-п өтпесі
негізіндегі диодтармен салыстырғандағы,
айтарлықтай аз тікелей төмендеуі (0,2...0,4 В) болып табылады. Бұл
Шоттки диодындағы өту заттарының бірі – металл екендігімен және
тиісінше оның электрлік кедергісі (және ондағы кернеудің тиісті
төмендеуі),
жартылай
өткізгіштегімен
айтарлықтай
төмендігімен
түсіндіріледі.
Жарық диоды (LED — light emitting diode) —
бұл электр тоғын,
р-п
өтпесі
аймағындағы электрондар мен кемтіктер рекомбинациясы
барысында пайда болатын, жарық сәулеленуіне түрлендіретін жартылай
өткізгіш диоды (электрондардың бір энергетикалық
деңгейден басқасына
өтуі барысында). Жарық диоды төсемдегі жартылай өткізгіш кристалдан,
жанасу шығыстары бар корпустан және оптикалық жүйеден тұрады.
Бірқатар жарық диодтарының сыртқы пішіндері 1.6-шы суретте
ұсынылған.
Сәулеленуші жарық диодтарын екі үлкен топқа бөлуге болады: көзге
көрінетін диапазондағы жарық диодтары және инфрақызыл жарық
диодтары (ИҚ). Алғашқылары аспаптарда
индикаторлар ретінде
қолданылады, ал екіншілері қашықтықтан басқару, қабылдау-беру
құрылғыларында, тетіктерде қолданылады. Жартылай өткізгіштерге
қосылатын қоспалар, жартылай өткізгіш материалдың қасиетін анықтайды
және жарық диодының жарқырауы түсіне ықпал етеді. Жарық диодындағы
кернеудің төмендеуі жартылай өткізгіш
материалдың типіне тәуелді
болғандықтан, кернеудің төмендеуі шамасы мен жарық диодының
жарқырауы түсі арасында тәуелділік болады. 1.2-ші кестеде жарық
диодтарындағы кернеудің түстеріне байланысты төмендеуі келтірілген.
1.6-шы сурет. Жарық диодтарының сыртқы түрлері
18
Жарық диодтары жарықтың басқа көздерімен салыстырғанда неғұрлым
ұзақ қызмет атқарады, сенімді және сонымен қатар көлемдері айтарлықтай
шағын болып табылады. Қосу мен ажыратудың жоғары жылдамдықтары,
олардың негізінде ақпаратты берудің оптикалық кең жолақты жүйелерін
жасауға мүмкіндік берді. Бірақ, қазіргі таңда жарық диодтары айтарлықтай
қымбат,
р-п өтпесі
арқылы тұрақты тоқтың өтуін және жұмыс барысында
бөлінетін жылудың
р-п өтпесінің
тиімді бұрылуын қолдауды талап етеді.
Жарық диодтарында
бір монокристалда орналасқан, бір немесе
бірнеше
р-п өтпелер (матрицалық жарық диодтары)
болулары мүмкін.
Матрицалық жарық диодтарының жекелеген өтпелерінің қосуылуын
қиыстыра отырып жанатын санның, әріптің немесе белгінің бейнесін алуға
болады. Бұл үшін жарық диодтары базасында,
белгіні синтездейтін
индикаторлар (БСИ) дайындалады, мысалы бір разрядты және көп
разрядты сандық болуы мүмкін. Белгіні синтездейтін индикаторлар
сегменттерінде, әрбір сегмент дербес жарық диоды түрінде орындалған.
Нөлден тоғызға дейінгі сандарды жарықтандыру үшін,
кем дегенде жеті
сегмент қажет.
Достарыңызбен бөлісу: