Платада орнатылған ATmega16U2 чипі бұл жалғануды USB арқылы
трансляциялайды, сонымен бірге компьютерде виртуалды COM-порт қол
жетімді болады. Arduino бағдарламалық бөлігі, осы арна бойынша мәтіндік
хабарламалар алмасуға мүмкіндік беретін утилитадан тұрады. Платаға
енгізілген
RX және TX жарық диодтары, ATmega162U чипі мен
компьютердің USB арасында деректерді алмасу жүріп жатқан кезде
жалтылдайтын болады. 7-ші енгізілген жарық диоды 13-ші сандық
контактіге қосылған. Егер, шығу орнындағы
мән жоғары әлеуетке ие
болса, онда жарық диоды жанып тұрады.
RESET
6
түймешігі микроконтроллерді қайтадан жүктеу қызметін
атқарады. Бірақ Ардуино платасы жаңа кодты жазар алдында,
платформадағы түймешікті басу арқылы емес,
оның орнына қайтадан
жүктеу бағдарламалаудың өзінде Upload белгісін (пиктограммасын) басқан
жағдайда автоматты түрде қайтадан жүктелу жүзеге асырылатындай етіп
әзірленген. Осылайша, RESET түймешігін басу міндетті емес.
Arduino Uno өзін-өзі қалпына келтіруші сақтандырғыш (автомат),
компьютерді қысқаша тұйықталу және артық тоқтардан қорғаушы USB
порты енгізілген. Барлық компьютерлерде мұндай қорғаныстың болғанына
қарамастан, аталмыш сақтандырғыш қосымша кедергіні қамтамасыз етеді.
Сақтандырғыш USB-порт арқылы 500 мА артық тоқ өткен кезде іске
қосылады және тоқтың қалыпты мәндері қалпына
келтірілгенше тізбекті
ажыратады.
Arduino UNO техникалық сипаттамалары 7.2-кестеде келтірілген.
7.2-кесте
Атауы
Сипаттамасы
Плата
Arduino UNO R3 нұсқасы (Smart
Projects, Италия компаниясының)
Микроконтроллер
8-биттік ATmega328P (ATMEL
компаниясының)
Жұмыскернеуі
5 В
Кіру кернеуі (ұсынылатын)
7... 12 В
Сандық кіру-шығу порттары
14 (олардың 6 ШИМ-мен)
189
Arduino DUE платасы. Arduino DUE — Cortex-M3 ARM 32-биттік
процессорына негізделген Atmel ұсынған ATSAM3X8E микроконтроллері
бар өндіруші плата. Егер, Arduino UNO мен Arduino DUE сыртқы
пішіндерін салыстыратын болсақ, Arduino DUE платасы сәл ұзынырақ,
онда қосымша контактілердің
қаптал сызғышы пайда болған, бір USB
жалғағышының орнына, екі микро USB орнатылған және әрине платасы,
платаның ортасында орнатылған 144-пиндік микроконтроллерімен
ерекшеленеді.
Платаның жалпы пішіні 7.4-суретте ұсынылған.
Атауы
Сипаттамасы
Кіру –шығу желісіндегі
тұрақты тоқ
40 мА
Аналогтық кіру порттары
6
3,3 В желісіндегі тұрақты тоқ
50 мА
Flash жады
32 Кбайт (олардың 2 Кбайты
bootloader жүктеушісіне берілген)
SRAM жады
2 Кбайт
EEPROM жады
1 Кбайт
Тактілік жиілік
16 МГц
USB интерфейс бойынша қуатты
қолдау
Иә
Сызба ішілік бағдарламаларды қолдау
Иә
RX/TX контактілері арқылы тізбекті
портты қолдау (UART)
Иә
AREF контактілерін қолдау
Иә
Қуат көзін автоматты таңдау (USB
немесе сыртқы адаптер)
Иә
Компьютердің USB портын артық
крнеуден және қысқа тұйықталулардан
қорғау
Иә
Көлемі (ДхШхВ)
75 х 54 х 15 мм
Салмағы
25 г