Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет123/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

 
7.2.3. Ардуино платформасы 
 
Микроконтроллер базасында қандай да бір жобаны орындау үшін 
(құрылғыны жасап шығару), жұмыстардың келесі кешенін орындау қажет: 
■ 
Ассемблер 
немесе 
СИ 
тілінде 
микроконтроллерге 
арналған 
бағдарламаны жасау; 
■ 
бұл бағдарламаны микроконтроллер жадысына арнайы құрылғы — 
программатордың көмегімен жазу; 
■ 
оған 
микроконтроллерді 
орналастыру 
және 
ажыратқыштар, 
түймешіктер, резисторлар, конденсаторлар, транзисторлар және т.б. 
түріндегі бекітулер үшін баспа платасын ажырату; 
■ 
микроконтроллер мен компоненттерді баспа платасына монтаждау 
және дәнекерлеуді жүзеге асыру. 
Мұндай жұмыс бірнеше күннен бірнеше аптаға дейінгі уақытты алуы 
мүмкін. Бірақ бұл жұмысты айтарлықтай жылдамдататын тәсіл бар. Бұл 
тәсіл Ардуино (Arduino) платформасын пайдалануда болып табылады.
Ардуино
платформасы 
— бұл үш компоненттен тұратын аппараттық-
бағдарламалық кешен; 
■ 
Ардуино бағдарламалау тілі; 
■ 
Arduino IDE (Integrated development environment) енгізілген әзірлеу 
ортасы; 
■ 
микроконтроллер мен қосымша элементтер орнатылған Ардуино 
платасы. 
Атауы 
Сипаттамасы 
Деректерді сақтау
85 °С-та 20 жыл/ 25 °С-та 100 жыл
АЦП енгізілген чип
8-арналы, 10-разрядты
Ендік-импульстық модуляциялар 
арналары саны (PWM- Pulse Width 
Modulator)
6
Интерфейс типі
TWI, SPI, USART
Бағдарламаланатын енгізу-шығару 
саны
23
Таймерлер саны
3
Қуат кернеуі — максималды
5.5 V
Қуат кернеуі — минималды
1.8 V
Температуралық диапазон
(-40 °C)—(+85°C)
Количество выводов (pin)
28


Түпнұсқа Ардуино платаларын Smart Projects италиялық компаниясы 
шығарады. Ардуино платаларының клондарын (көшірмелерін) шығаратын 
тағы да бірнеше компания бар. Ардуино бағдарламалау тілі, жеңіл және 
жылдам меңгеруге болатын СИ жеңілдетілген нұсқасы болып табылады. 
Arduino IDE енгізілген әзірлеу ортасы транслятор мен программатордың 
рөлін атқарады, яғни бағдарламаны жоғары деңгейлі тілден машина 
кодтарына 
аударады 
және 
оны 
микроконтроллерге 
жүктейді. 
Бағдарламалау тілі мен Arduino IDE енгізілген әзірлеу ортасы туралы 
келесі бөлімшелерде айтылатын болады, әзірге Ардуино платасын 
қарастырайық. 
Ардуино платасының, оларға орнатылған микроконтроллер типімен
платадағы 
интерфейстік 
жалғағыштар 
санымен 
және 
типімен, 
көлемдерімен, қалыптарымен және т.б. бір-бірлерінен ерекшеленетін 
ондаған модельдері бар. Бұл жерде Ардуино платасының екі моделі 
қарастырылатын болады. Бұл ең танымалдарының бірі — Ардуино UNO 
платасы 
және 
неғұрлым 
жетілдірілген 
моделі 
— 
32-битным 
микроконтроллері бар Arduino DUE платасы. 
Ардуино UNO платасы. Ардуино UNO платасының (R3 нұсқасы) 
жалпы пішіні 7.3-суретте ұсынылған. 
Ардуино UNO платасында Atmel компаниясының ATmega328P 
микроконтроллері орнатылған. ATmega328P микроконтроллері, сыртқы 
программаторларды 
пайдаланбастан 
микроконтроллерге 
жаңа 
бағдарламаларды жазуды қамтамасыз ететін, жазылған жүктеуішімен 
(bootloader) жеткізіледі. Программатор жеке құрылғы ретінде Arduino 
қажеті жоқ. Егер бағдарламаны сыртқы программатордың көмегімен 
жүктеудің қажеттілігі туындаса, онда Ардуино платасы ICSP (SPI-
интерфейс) алты контактілі жалғағышы арқылы мұндай мүмкіндікті ұсына 
алады. 
Платаға қуат не 2-ші қуаттау көзі жалғағышы арқылы, не 5–ші USB- 
жалғағышы арқылы берілуі мүмкін. 2-ші жалғағышқа арналған штекердің 
диаметрі 2,1 мм болуы, орталық шығу орны оң болуы қажет. Штекер 
жалғағыштың ұяшығына орнатылғаннан кейін, қуаттау автоматты түрде 
USB осы жалғағышқа ауыстырылады. Бұдан бөлек, платаға кернеуді 
контактілердің төменгі сызғышының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет