48 2.1. 2-тарау ЭЛЕКТРОНДЫ КҮШЕЙТКІШТЕР ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР Электроникада электр сигналдарын күшейтудің қажеттілігі жиі
туындайды, мысалы, автоматика жүйелерінде өлшеу тетіктерінен шығатын
электр сигналдарын өңдеу барысында немесе дыбыс техникасындағы
сигналдарды күшейткен жағдайларда. Бұл міндеттерді шешу үшін,
кернеуді, тоқты немесе әлсіз электр сигналдарының қуаттылықтарын
күшейтуге арналған — электронды күшейткіштер пайдаланылады.
Қазіргі таңда, күшейткіштерде электр лампаларын алмастырған
жартылай өткізгіш аспаптар кеңінен пайдаланылады:
Күшейтілетін шамаларыбойынша күшейткіштер келесілерге
бөлінеді:
■
кернеу күшейткіштерге;
■
тоқ күшейткіштерге;
■
қуаттылық күшейткіштерге.
Күшейту каскадтары саныбойынша күшейткіштер келесілерге
бөлінеді:
■
бір каскадты;
■
көп каскадты.
Күшейткіштің өткізу жолағы деп, күшейткіштің амплитудалық-
жиіліктік сипаттамасы (АЖС) сигналды оның үлгісін айтарлықтай
өзгертусіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын шектегі,
жиіліктер диапазоны аталады. Басқа сөздермен айтқанда, күшейткіш өткізу
жолағы шегінде, әртүрлі жиіліктердің сигналдарын бірдей күшейтеді.
Күшейткіштер жиілік диапазондары бойынша төмендегілерге бөлінеді: ■
баяу өзгеретін стигналдар күшейткіштеріне, немесе тұрақты тоқ
күшейткіштеріне (ТТК), - АЖС төменгі шекаралық жиілігі нөлге
жақындай, ал жоғарғы шекаралық жиілігі 103... 108 Гц-ке жетуі мүмкін;
■
төменгі жиілікті күшейткіштер (ТЖК) — төменгі жиілік ондаған герцке
тең, жоғарғысы жүздеген килогерцтерге дейін жетеді (мысалы, дыбыс
жиілігін күшейткіштер үшін, жиілік диапазоны 15.20 000 Гц);
■
жоғарғы жиілікті күшейткіштер (ЖЖК) — жиіліктер диапазоны
жүздеген килогерцтен басталады және ондаған және жүздеген
мегагерцке дейін жетеді;