157
6.2- сурет. Электр сызбасы
мәндерін тексеру үшін (0 немесе 1) жарық диодын қосамыз. егер, шығатын
орында 1 (High) болса, жарық диоды жанады, егер 0 (Low) болса, онда
сөнеді. Сызбаның жұмысқа қабілеттілігіне көз жеткізгеннен кейін макетті
жинақтауға көшеміз. Жинақтау үшін ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС
микросызбалары, жарық диоды, номиналы 220 Ом болатын резистор, 5 В
арналған қуат көзі қажет болады. Резистор
жарық диоды арқылы өтетін
тоқты шектеу үшін қажет. Микросызбалардағы шығыстардың орналасуы
6.3-ші суретте
көрсетілген, бұл жерде 74HC32N —
НЕМЕСЕ
микросызбасы, 74HC08 — ЖӘНЕ микросызбасы, К155ЛН1 — ЕМЕС
микросызбасы. НЕМЕСЕ микросызбасында төрт логикалық элемент
орналасқандықтан, макет үшін екі логикалық элемент
жұмыс істейтін бір
микросызба жеткілікті болады. Кілт ретінде DIP- ауыстырғыштар блогын
пайдаланамыз.
Жұмысты жылдамдату және жалғастыратын орындарды дәнекерлемеу
үшін, жинауды макеттік платада жүргіземіз (6.4-ші сурет).
Плата ішінде
серіппелендірілген металдан жасалынған контактілер орналастырылған,
саңылаулары бар пластмасса пластина болып табылады. Контактілер
платаның ішінде өзара белгілі бір түрде жалғанған.
Қызыл және көк
жолақпен белгіленген саңылаулардың екі жоғарғы қатарлары және екі
төменгі қатарлары, платаға қуат көзін әкелу үшін қажет. Бұл
саңылаулардағы контактілер
өзара көлденеңінен жалғанған, сондықтан
оларды қуат беру шиналары деп атаймыз. Егер, мысалы, монтаждық
сымның көмегімен қуат беру көзінің «плюсін» (+)
белгісімен белгіленген
қатардағы бірінші контактімен жалғасақ, онда көлденең қатардағы барлық
контактілер қуат беру көзінің «плюсіне» қосылатын болады.
6.3-ші сурет. Логикалық микросызбалардағы шығыстарының орналасуы:
Достарыңызбен бөлісу: