18
Жарық диодтары жарықтың басқа көздерімен салыстырғанда неғұрлым
ұзақ қызмет атқарады, сенімді және сонымен қатар көлемдері айтарлықтай
шағын болып табылады. Қосу мен ажыратудың жоғары жылдамдықтары,
олардың негізінде ақпаратты берудің оптикалық кең жолақты жүйелерін
жасауға мүмкіндік берді. Бірақ, қазіргі таңда жарық диодтары айтарлықтай
қымбат,
р-п өтпесі
арқылы тұрақты тоқтың өтуін және жұмыс барысында
бөлінетін жылудың
р-п өтпесінің
тиімді бұрылуын қолдауды талап етеді.
Жарық диодтарында бір монокристалда орналасқан, бір немесе
бірнеше
р-п өтпелер (матрицалық жарық диодтары)
болулары мүмкін.
Матрицалық жарық диодтарының жекелеген өтпелерінің қосуылуын
қиыстыра отырып жанатын санның, әріптің немесе белгінің бейнесін алуға
болады. Бұл үшін жарық диодтары базасында, белгіні синтездейтін
индикаторлар (БСИ) дайындалады, мысалы бір разрядты және көп
разрядты сандық болуы мүмкін. Белгіні синтездейтін индикаторлар
сегменттерінде, әрбір сегмент дербес жарық диоды түрінде орындалған.
Нөлден тоғызға дейінгі сандарды жарықтандыру үшін, кем дегенде жеті
сегмент қажет.
Достарыңызбен бөлісу: