Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет75/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159
Байланысты:
Иванов Электроника және микропроцессорлық техника. Оқулық (2)

3,
тұрақтандырғыш 
4.
Трансформатор
жиілікті өзгертусіз бір кернеудегі ауыспалы тоқтың 
басқа кернеудегі ауыспалы тоққа түрленуін қамтамасыз етеді. 
Түзеткіш 
— ауыспалы әртүрлі полярлы кернеуді өтпелі бір полярлы кернеуге 
түрлендіруші құрылғы. Түзеткіштер басқарылатын және басқарылмайтын 
болулары мүмкін. 


Басқарылмайтын түзеткіштер диодтық сызбаларда жасалынады, түзетілген 
кернеудің мәнін өзгерту мүмкіндігі жоқ. Басқарылатын түзеткіштер 
тиристорлық сызбаларда жасалынады. Басқарушы түзеткіш тек ауыспалы 
кернеуді тұрақтыға ауыстырып ғана қоймайды, сонымен қатар түзетілген 
кернеудің мәнін өзгертуге де қабілетті. Бәсеңдеткіш сүзгі түзеткіштен 
кейін кернеудің бүлкілдейін бәсеңдетеді. Тұрақтандырғыш шығатын 
орын кернеуін белгіленген деңгейде ұстайды. 
Бастапқы қуат беру көзі фазалары санына байланысты, бір фазалық 
және үш фазалық түзеткіштер болып бөлінеді. Шағын және орта 
қуаттылықтағы түзеткіштер, әдетте бір фазалық болады, ал үлкен 
қуаттылықтағы түзеткіштер – үш фазалық болып келеді. Түзетілген 
кернеулері үлгілері бойынша түзеткіштер, бір жартылай кезеңдік және екі 
жартылай кезеңдік болып бөлінеді. Бір фазалық түзеткіштердің сызбасын 
толығырақ қарастырайық. 
4.2, 
а суретте трансформатор мен бір жартылай кезеңдік түзеткіш 
тәрізді екі блоктан тұратын, қарапайым қайталама қуат көзі бейнеленген. 
Түзеткіш элементі ретінде VD1 диоды пайдаланылады.
Трансформатордың бастапқы орамында әрекет ететін шамаларға 
төменгі 1 индексін береміз; екінші орамдағы шамаларға – 2 индексін
түзетуден кейінгі алынған шамаларға — 0 индексін, бәсеңдетуден 
(сүзгіден өткізуден) кейінгі алынған шамаларға — «ф» индексін береміз. 
Келесі ұсынылған белгілемелерді енгіземіз: 
U
2
— трансформатордың екінші орамындағы кернеудің қолданыстағы 
мәні; 
U
2m
 — трансформатордың екінші орамындағы кернеудің амплитудалық 
мәні (немесе түзеткіштің кіретін орнындағы); 
U
0
— түзетілген кернеудің орташа мәні; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет