Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Бастырма планкалы тіліктегі түймелік



Pdf көрінісі
бет114/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Бастырма планкалы тіліктегі түймелік

Бұл типтегі 
түймеліктерді жасау үшін астармен тұтас пішілген екі планканы 
пайдаланады (2.16-сурет, 
и
). Үстіңгі және астыңғы планкалардың 
ойықтарын (
1
-тігім), сондай-ақ үстіңғі планканың астыңғы ұшын 
жөрмейді (
2
-тігім). Планкаларды беткі жағына айналдырады, 
жөрмеу тігістерін түзетеді, планканың бойлық қиықтары мен 
планка астарларын теңестіреді де, баса үтіктейді. Планкаларда 
негізгі бөлшекке қосып тігу сызықтарын жүргізеді. Планкалардың 
жатқыза үтіктелген бүкпесінен қосып тігу сызықтарына дейінгі 
арақашықтық дайын планканың еніне тең болуы тиіс. Қажет болған 
жағдайда үстіңгі планкада ілгектерді шалып тігеді. 
Негізгі бөлшектің ішкі жағында планкаларды қосып тігудің 
бойлық сызықтары мен түймелік ұзындығын шектейтін астыңғы 
көлденең сызықты жүргізеді. Планка астарларын беткі жағымен 
негізгі бөлшектің беткі жағына жапсырады да, қосып тігеді (

және 
4
-тігімдер). Тігім ұштарын бекітеді. Планка астарларын қосып тігу 
тігімдернің арасындағы алдыңғы бойды көлденең белгі сызығына 
20 мм дейін жетпестен тігімдердің арасында ортасынан тіледі. Тілік 
ұшында тігімдердің ұштарына кертпелер жасайды. Одан кейін 
планка астарларын қосып тігу тігістері қосымшаларының артық 
жерлерін 5...10 мм қалдырып, кесіп тастайды. 
Әрбір планканың бойлық қиығын планка астарын қосып тігу 
тігісін жаба отырып, ішке қарай бүгеді және ені 1...1,5 мм тігіспен 
сырып тігеді (

және 
6
-тігімдер). Тігімдерді көлденең белгі 
сызығының деңгейінде аяқтайды да, бекітеді. Одан кейін планка 
жиектерінің бойымен әрлегіш 

және 
8
-тігімдерді салады. 
Бүкпелерден тігімдерге дейінгі арақашықтық 1...1,5 мм. 
Астыңғы планканың астыңғы ұшын негізгі бөлшектің ішкі 
184


жағында тегістеп, негізгі бөлшектің кесік бұрышымен бірге 
түймеліктің астына сырып тігеді. Тігімді көлденең белгі сызығының 
бойымен салады (
9
-тігім). Үстіңгі планканың астыңғы ұшын 
астыңғы планканың астыңғы ұшына жапсырады және астыңғы 
планканы сырып тігу тігісі мен негізгі бөлшектің тілінген бұрышын 
жаба отырып, негізгі бөлшекті фигуралы 
10-
тігіммен сырып тігеді. 
Астыңғы планкаға түймелерді тағады немесе екі планкаға да 
батырмалар орнатады. 
Екі әдіпті тіліктегі сыдырма түймелік. Мұндай түймелікті өңдеу 
кезінде екі әдіпті пайдаланады, оларды ішкі жағымен бойлық 
бағытта теңге бөліп қояды және баса үтіктейді (2.16-сурет, 
к
). Белгі 
салуды негізгі бөлшектің беткі жағында және әдіптерде орындайды. 
Тілік сызығын белгілейді де, оның екі жағынан әдіптерді қосып 
тігетін екі параллель сызық жүргізеді. Төртінші сызық (көлденең) 
түймеліктің астыңғы ұшының орнын белгілейді. Әдіптерде қосып 
тігу сызығын белгілейді. Әдіп бүкпесінен белгіленген сызыққа 
дейінгі арақашықтық дайын әдіптің еніне тең. Түймеліктің астыңғы 
ұшының астында негізгі бөлшектің ішкі жағынан желімдік не 
желімсіз қатайтқыш қойылуы мүмкін. 
Әдіптерді негізгі бөлшектің беткі жағына бір-біріне қарама- 
қарсы қиықтармен салады, оларда белгіленген сызықтарды негізгі 
бөлшектегі сәйкес сызықтармен сәйкестендіріп, баса үтіктейді (

және 
2
-тігімдер). Негізгі бөлшекті тілік астындағы бұрышты кесіп, 
әдіптер арасында ортасынан тіледі. Негізгі бөлшек тілігінің 
астындағы әдіптер мен бұрыштарды ішкі жағына айналдырып, баса 
үтіктейді. 
Әдіптермен өңделген тілік қиықтарының астына сыдырма 
түймелікті салады және оны П-тәрізді 
3
-тігіммен қосып тігеді. 
Бойлық сырып тігу тігімдерінен негізгі бөлшектің бүкпелеріне 
дейінгі арақашықтық модельмен анықталады. Көлденең сырып тігу 
тігімін негізгі бөлшектің бүкпесінен 1 мм арақашықтықта салады. 
Сыдырма түймеліктің жиектемесінің бос ұштарын әдіптерді қосып 
тігу тігістерінің қосымшаларына сырып тігеді (

және 
5
-тігімдер). 
Егер әдіптерді қосып тігу тігістерінің қосымшалары сыдырма 
түймеліктің ызбасынан кеңірек болса, онда олар сыдырма 
түймелікті сырып тіккенге дейін жиектеп торлануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет