астында екі-үш машина тігімімен бекітпені қояды (3-тігім). Бұл
бекітпе түймеліктің астыңғы жиегін бұйымды пайдалану кезінде
бүлінуден сақтау үшін, сондай-ақ түймелікке соңғы пішінін беру
үшін қызмет етеді.
Әдіппен
өңделген
бітеу
тіліктегі
түймелік
.
Көлбеу
көмкермемен бірге тілік қиықтарын өңдеу үшін арқаужіп
бағытында пішілген түзу сызықты әдіпті пайдаланады (2.16-сурет,
в
). Бұл жағдайда әдіпті бұйымның ішкі жағына қосып тігеді (
1
-
тігім), одан кейін оны беткі жағына аударып, ені 1 мм тігіспен
сырып тігеді (
2
-тігім). Түймеліктің үстіңгі жағын жасайтын әдіп
бөлігін ішкі жағына қарай бүгеді де баса үтіктейді, одан кейін
түймеліктің астыңғы жағына жапсырып, тағы бір рет баса үтіктейді.
Тіліктің астыңғы жиегінің бойымен бекітпені салғаннан кейін ішкі
жағынан не беткі жағынан (
3
-тігім) әдіптің екі қабаты мен негізгі
бөлшекті бірге қамтып, ілгектерді шалып тігеді (
4
-тігім). Дайын
үтіктелген бұйымға ілгектің орналасқан жеріне сәйкес түймелерді
тағады.
Достарыңызбен бөлісу: