Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет8/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   321
Санитариялық киім 
еңбек заттарын жұмысшыдан, сондай- 
ақ жұмысшыны жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған 
өндірістік киім. Санитариялық киімге еңбек заттарын қорғауға 
арналған технологиялық киімдер жатады. 
Формалық киім 
– әскери қызметшілерге, арнаулы мекеме 
жұмысшыларына, көлік (теміржол, авиация, такси, өзен және теңіз 
флоты) жұмысшыларына және форма белгіленген білім алушыларға 
(кәсіптік оқу орындарының білім алушыларына) арналған киімдер. 
Формалық киімнің негізгі түрлеріне шинель, пальто, костюм, 
китель, көйлек, бас киім жатады. 
Өндірістік киімнің жылдың қай мезгілінде қолданылатынына 
байланысты, ол барлық маусымдық және қысқы киімдер 
топшаларына бөлінеді. 
Сыныптама дайындалған талшық түріне қарай киімдер (жүн, 
жібек, мақта-маталық, зығыр, жасанды және синтетикалық 
материалдардан жасалған) бөлімшесімен толықтырылуы мүмкін. 
Өнеркәсіптік 
өндірісте 
киім 
өлшеміне, 
бойына 
және 
толықтығына қарай шығарылады. Өлшем кеуде айналымымен, ал 
кейбір бұйымдар үшін, мысалы ерлер ішкөйлектері үшін мойын 
айналымымен анықталады. Бұйымның ұзындығы адам бойымен 
байланысты. Ересектерге арналған бұйымдар мынадай өлшемдерде 
шығарылады: ерлер — 84, 88, 92... 128, әйелдер — 84, 88, 92... 136. 
Киім қолданылатын жыл мезгіліне қарай көктемгі-күзгі, жазғы 
және қысқы болып бөлінеді. 
Тұрмыстық киім әртүрлі мақсатта болады: көшеде киетін 
(костюм), үйде киетін, бітіру кешінде киетін (көйлек), салтанатты 
9


жағдайда киетін, спортпен айналысқанда киетін. 
Ж а с - ж ы н ы с е р е к ш е л і г і н е қ а р а й 
киім ерлер, әйелдер, 
балалар киімі болып бөлінеді. Өз кезегінде, балалар киімі 
нәрестелерге арналған (9 айға дейін), балабақша жасындағы 
балаларға арналған (9 айдан 3 жасқа дейін) киім және мектепке 
дейінгі жастағы балаларға (3 жастан 7 жасқа дейін) арналған киім
бастауыш мектеп жасындағы балаларға (7-ден 12 жасқа дейінгі 
ұлдар мен 7-ден 1155 жасқа дейінгі қыздар) арналған киім, 
үлкенірек жастағы балаларға (12,5-тен 15,5 жасқа дейінгі ұлдар мен 
11,5-тен 14,5 жасқа дейінгі қыздар) арналған киім, жасөспірім 
жастағы балаларға (15,5-тен 18 жасқа дейінгі ұлдар және 14,5-тен 18 
жасқа дейінгі қыздар) арналған киім болып бөлінеді. 
Ерлер мен әйелдер киімі үш жас тобына арналып шығарылады – 
кіші, орта және үлкен. Әйелдердің денебітіміндегі іш шодыры 
ескеріле отырып, мықын айналымына және ерлерде бел 
айналымына қарай (кейде айналымы бірдей) ересектер киімі төрт 
толықтықта шығарылады: 1...4. 
Еуропа елдерінің арасындағы өзара ірі тауар айналымына, оның 
ішінде киім саудасына байланысты, әйелдер, ерлер, қыздар мен 
ұлдар киімдерінің өлшемдеріне арналған стандарттар әзірленген. 
Әйелдер мен ерлер бұйымдарының өлшемдік көрсеткіштері 
тауар құлақшасында әйелдер киімі үшін бой ұзындығының, кеуде 
айналымының, мықын айналымының толық шамаларымен және 
ерлер киімі үшін бой ұзындығының, кеуде айналымының, бел 
айналымының толық шамаларымен белгіленеді (1.1-сурет). 
Мысалы, бой ұзындығы 158 см, кеуде айналымы 100 см, мықын 
айналымы 108 см типтік денебітіміне арналып дайындалған әйелдер 
киімі үшін, тауар құлақшасында «өлшемдер» жолы былай 
толтырылады: 158—100—108. Бой ұзындығы 170 см, кеуде 
айналымы 100 см, мықын айналымы 88 см үлгілік денебітіміне 
арналып дайындалған ерлер киімі үшін, тауар құлақшасында 
«өлшемдер» жолы былай жазылады: 170—100 — 88. Ерлердің 
үстіге киетін ішкөйлектері үшін бой ұзындығымен және кеуде 
айналымымен қатар мойын айналымы да өлшемдік белгі болып 
табылады. Мысалы, бой ұзындығы 158 және 164 см, кеуде 
айналымы 100 см, бел айналымы 88 см, мойын айналымы 41 см 
денебітіміне арналып дайындалған ішкөйлек үшін, тауар 
құлақшасында «өлшемдер» жолы былай толтырылады: 158, 164— 
100— 88 — 41. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет