АҒЫНДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢІ
Тігін ағынын жобалау кезінде киімдегі сән бағыттарын зерттеу
және
шығарылымы
болжанып
отырған
бұйымдардың
сұрыпталымын құрастыру; перспективалық материалдарды таңдау
және таңдалған материалдар мен модельдерді өңдеу технологиясын
әзірлеу; жоғары өнімді жабдық пен оның жарақтарының
операциялар бойынша техникалық сипаттамаларымен танысу;
бұйым аналогтарын дайындау бойынша өнеркәсіптің озық
(кешенді) тәжірибесін талдау; жиналған материалды бағалау және
оны анықтамалық әдебиетте келтірілген ақпаратпен салыстыру
қажет.
Ағынды жобалау жөніндегі жұмыс кезеңдер бойынша
жүргізіледі (1-кезең – технологиялық, 2-кезең – ағындарды есептеу,
3-кезең – ағындар жұмысын ұйымдастыру, 4-кезең – тігін цехтарын
жоспарлау).
5.15
-суретте
тігін цехының ағынын жобалаудың әрбір
кезеңіндегі жұмыстарды орындау реттілігі көрсетілген.
Ағынды жобалаудың технологиялық кезеңін қарастырайық.
Олар үшін ағын құрастырылатын бұйымдар сұрыпталымын
анықтап алған соң, бұл бұйымдардың модельдерін таңдап, қатар
(үйір) жасау қажет. Модельдер модельдеу саласындағы болжамды
ескере отырып, сән бағытына сәйкес таңдалады.
Бір ағында жасалатын модельдер қатарында (үйірінде)
технологиялық қасиеттері бойынша біртипті материалдар мен
бірдей
өңдеу
режимдері
пайдаланылуы
тиіс.
Модельдеу
конструктивтік және технологиялық жағынан біртекті болуы (бір
базалық конструкцияда әзірленуі) тиіс. Бұл ағында бірдей
жабдықты немесе ауысымды тетіктері бар жабдықты пайдалануға
мүмкіндік береді.
Ағында бір ауысымға жіберілетін модельдердің саны, әдетте,
үш-төртке тең, ал олардың ағындағы жалпы саны 6...12-ні құрауы
мүмкін, кейде одан да көп болуы мүмкін.
5.16
-суретте бір конструктивтік негізде әзірленген, ағынға
ауысым ішінде бір уақытта жіберілуі мүмкін пальто модельдерінің
тобы көрсетілген.
Цехтарды не ағындарды қайта құру және қайта ұйымдастыру
кезінде модельдерді өндіріске жоспарланғандардың қатарынан ала-
Достарыңызбен бөлісу: