Цехта (учаскеде) жұмыс орындарын жоспарлау кезінде
қауіпсіздік техникасының, сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің
талаптары және санитариялық нормалар ескерілуі тиіс.
Санитариялық нормаларға сәйкес цехтың ұзындығы мен ені
бойынша өткелдердің мынадай өлшемдері қарастырылады (м, аз
емес):
Ағында шетжақ қабырғалардан бастап жұмыс
орындарының басына және аяғына дейін.................................3,5 ...4,5
Ағында бүйір қабырғалардан бастап жұмыс
орындарына дейін ..................................................................... 1,1 ...1,2
Өткелдердің ені ......................................................................... 1,5...2
Бас өткелдің ені......................................................................... 3.3..,5
Жұмыс орындары топтарының арасындағы арақашықтық
(агрегаттық-топтық ағындарда)............................................... 0,8...1,2
Бағанадан жұмыс орнына дейінгі арақашықтық
(конвейерлік ағындарда) .......................................................... 0,15
Шетжақ қабырғалардың бойымен әдетте стеллаждарды және
пішімді даярлауға арналған жұмыс орындарын орналастырады.
Бағаналар болған жағдайда жұмыс орындары олардан кем дегенде
0,4 мм арақашықты орналасуы тиіс. Егер цехта конвейерлік ағынды
орналастыратын болса, онда конвейердің ұзындығы 35 м-ден
аспауы тиіс, әйтпесе ені 1,5...2 м көлденең өткелдер жасау қажет.
Конвейерік ағындарда конвейердің екі таспасының арасында ені 0,5
м бойлық өткелдер қарастырылуы тиіс.
Адамдар мен көлік қозғалысына арналған жалпы цех өткелдері
орталық (іргелес машиналар қатарының арасында) және
қабырғалық (қабырға ме машиналар қатарының арасында), ал
міндеті бойынша басты (түзу, цехтан басты шығатын жерге
бағытталған) және қосалқы (қосалқы шығатын жерлерге және
санитариялық-тұрмыстық
орынжайларға
бағытталған)
болуы
мүмкін. Ең алыс жұмыс орнынан ең жақын цех өткеліне дейінгі
арақашықтық 50 м-ден аспауы тиіс. Жұмыс орындарына кіретін
жерлерді барынша қысқа, мүмкіндігіне қарай көлік жолдарын қиып
өтпейтіндей етіп жасау қажет. Құрал-жабдықты бұл орайда оған
қызмет көрсетуге және оны алмастыруға қолайлы болатындай етіп
орналастыру қажет.
Биіктігі стандартты емес орынжайларда ағынды орналастырған
кезде орынжайдың әрбір жұмысшыға шаққандағы нақты көлемінің
қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі
қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру қажет. (Әрбір
жұмысшыға өндірістік орынжай көлемінің кем дегенде 15 м
3
келуі
тиіс.)
Достарыңызбен бөлісу: