5.13.
5.7
-мысал.
Балалар көйлектерін дайындау жөніндегі көп модельді
ағынның параметрлерін есептейік.
Б а с т а п қ ы д е р е к т е р : сұрыпталым — төрт модель, әрқайсының
шығарылым бірдей, жұмысшылар саны 33, 1-модельге кететін уақыт
шығыны – 1 343 с, 2 – 1615 с, 3 – 1 775 с, 4 – 1 657 с.
Ауысым ұзақтығы
R
= 8 сағ.
Әртүрлі
модельдегі
бұйымдарды
дайындаудың
еңбек
сыйымдылықтарында ауытқулар 15%-ды құрайтындықтан, циклдік
жіберуді таңдаймыз. Әртүрлі модельдегі бұйымдардың саны бірдей
болуына байланысты, параметрлерді есептецді орташа өлшемді емес,
орташа деректер бойынша жүргізуге болады:
Т
ср
= (1 343 + 1 615 + 1 775 + 1 657)/4 = 1 598 с;
τ
ср
=
Т
ср
/N = 1 598/33 = 48 с.
Ағын ауысымындағы шығарылым:
М = NR/ Т
ср
=
R
/τ
ср
=
28 800/48 = 600
әрбір модельде 150 бірліктен.
КӨП МОДЕЛЬДІ АҒЫННЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
СХЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
Ұйымдастыру операцияларын жинақтау, соңынан, жұмыс орнын
ұйымдастыруды жобалау және оны жарақтандыру көп модельді
ағындар үшін – бір модельді ағындарға арналған осы рәсімдерге
қарағанда, анағұрлым еңбекті көп қажетсінетін процесс, бұл бір
уақытта модельдік ерекшеліктерімен өзгешеленетін бірнеше
бұйымды дайындаумен түсіндіріледі.
Модельдерді өңдеудегі айырмашылықтар, олардың еңбек
сыйымдылығы, модельдерді жіберу нысаны – мұның барлығын
ұйымдастыру операцияларын жинақтау кезінде ескеру қажет.
Мысалы, тізбекті жіберу кезінде модельдерді өңдеудегі
айырмашылықты ескеру үшін, ағында арнайы жабдығы бар
қосымша
жұмыс
орнын
орналастыруды
қарастыруға,
не
жұмысшының монтаждау секциясынан дайындау секциясына
(немесе керісінше) өтуін жоспарлауға, не ағында резервтік
жұмысшыны пайдалануға болады. Циклдік жіберу кезінде мұндай
іс-шараларға жол берілмейді.
Модельдер тізбекті жіберілетін ағындар үшін (5.18-кесте) оларды
өңдеу кезінде елеулі айырмашылықтар болған жағдайда келісу
шарттарын бір модельді ағындағы сияқты есептейді (5.7-бөлімшені
қараңыз), себебі бұл ағын әрбір нақты уақыт сайын бір модельді
ағын сияқты жұмыс істейді. Технологиялық схеманы құрастыруды
және кейінгі есептеулерді де әрбір модель үшін жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: