6.2.
материалдарды үнемдеп жұмсауға, бұйымды пішуге кететін уақыт
шығынын азайтуға мүмкіндік беретін жаңа әдістеріне әкелді.
Конструкторлық
құжаттама
перспективалық
базалық
конструкциялар, ағымдағы сән моделіне арналған базалық
конструкция, ағымдағы сәннің модельдер тобына арналған әмбебап
базалық конструкция болып есептеледі.
Базалық
конструкцияларды
халықтың
едәуір
бөлігінің
сұранысына сәйкес келетін жайлы нысандағы бұйымдарға арнап
әзірлейді; олар тапсырыс берушінің өлшемдерін және оның
денебітімінің ерекшеліктерін ескере отырып, ательеде нақты
тұлғаға арнап бұйым жобалауға арналады. Базалық конструкция
бұйымның негізгі бөлшектерінің – алдыңғы бой, артқы бой, жең
лекалосы болып есептеледі. Әртүрлі модельдегі бұйымдарды алу
үшін базалық конструкцияларға қосымша сәнді бөлшектер
(жағалар, лацкандар мен өңірлер, қақпақшалар, жапсырмалы
қалталар және т.б.) конструкциясын әзірлейді. Әмбебап базалық
конструкцияларда негізгі бөлшектердің – артқы бой, алдыңғы бой
мен жең лекалосына бұйым пішінін жасайтын конструктивтік
элементтердің оңтайлы санымен қатар, сәнді пропорцияларды
қамтамасыз ететін бөлшектеу енгізілген. Әмбебап базалық
конструкция бірнеше пішімді жеңдер үшін пайдалынылуы мүмкін.
Базалық модельге арналған конструкторлық құжаттама:
■
көркемдік-техникалық кеңеспен бекітілген модель суреттемесін;
■
барлық сырт бөлшектер, астар лекалосының, ұсақ-түйектер мен
көмекші лекалоның жиынтығын;
■
базалық модельдің техникалық сипаттамасын қамтиды.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ
СИПАТТАМАСЫ
Технологиялық процестерді ұйымдастырудың барынша үдемелі
әдістері толассыз әдіс болып табылады. Тұрмыс пен қызметтер
саласының кәсіпорындарындағы дара өндіріс типі және жеке
тапсырыспен киім дайындаудың басқа да ерекшеліктері еңбекті
ұйымдастырудың бригадалық әдісін барынша тиімді етеді.
Бригададағы жұмысшылар саны, ағынға қарағанда, айтарлықтай
аз. Шағын бригадаларда еңбек жұмысшылардың мамандануына
сәйкес жұмыс түрлері бойынша бөлінеді. Егер бригада ірірек болса,
онда бұйымдарды өңдеу процесі бөлшектер мен түйіндер бойынша
да бөлінеді. Бригадада бұйым дайындау кезінде құрал-жабдықтың
Достарыңызбен бөлісу: