Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Машиналық жіпті тігістер



Pdf көрінісі
бет51/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

1.3.6. 
Машиналық жіпті тігістер
 
Тігін бұйымдарының бөлшектерін біріктірудің негізгі тәсілі 
машиналық жіпті тігістер болып табылады. Машина тігістеріне 
жоғары тұтынушылық және өнеркәсіптік талаптар қойылады. 
Тұтынушылық талаптарға тігістің сыртқы безендірілуі, тігімнің 
тегістігі, тігістің ені, инешаншымдар жиілігінің біркелкілігі, оларды 
байлау беріктігі, тігімнің тұтастығы, тігіс сызықтары бойынша 
материалдың босаң жерінің немесе созылған жерінің болмауы, 
беріктік және т.б. жатады. 
Тігістерге қойылатын өнеркәсіптік талаптар тігіске жұмсалатын 
материал шығынын (тігіс қосымшасын) және бүкпені, орындаудың 
еңбек сыйымдылығын анықтайды. 
Тігістердің жоғары сапасы операцияларды орындаудың 
техникалық шарттарын сақтаумен қамтамасыз етіледі: тігіс ені, 
тігім саны және олардың арасындағы арақашықтық, инешаншым 
жиілігі, олардың тігімдегі байлану дәрежесі, жіп нөмірлері және т.б. 
Тігіс ені оның конструкциясымен байланысты. Тігісті орындауға 
қойылатын 
техникалық талаптар 
модельдің техникалық 
сипаттамасында немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттамада 
беріледі. Әрбір жұмыс орнында операцияларды орындау сапасын 
технологиялық нұсқамалық карталар бойынша тексеруге болады. 
Тігістің міндеті мен оған қатысты бөлшектердің орналасуына 
қарай тігістер біріктіру, жиек және әрлегіш тігістері болып бөлінеді. 
Біріктіру тігістерінде (мысалы, алдыңғы бой мен артқы бойдың 
бүйір қиықтарын, иық қиықтарын, жең қиықтарын және т.б. 
78


біріктіру тігістерінде) бөлшектер тігістің екі жағында да жатады. 
Жиек тігістер бөлшек жиектерін не қиықтарын өңдеу үшін 
қолданылады. Бөлшектер тігістің бір жағында орналасады (мысалы, 
бұйым етегі мен жең ұшын өңдеу тігістері, өңірді, жағаны өңдеу 
тігістері). 
Әрлегіш тігістер бөлшекті және барлық бұйымды әрлеуге 
арналған. Бұл тігістер белгілі бір силуэтті құру үшін қолданылады 
(алдыңғы бойдағы, артқы бойдағы белдемше ендеріндегі, бедерлі 
сызықтар, әртүрлі қатпарлар және т.б.). 
Тігіс конструкциясына (яғни, тігісте бөлшектер мен тігімдердің 
орналасуына), материал тігімі мен бекітілетін қабаттарының 
санына, тігіс қосымшаларының шамасы мен қалпына қарай оларды 
түрлер (біріктіру, жиек және сәндік) мен түршелер бойынша 
топтастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет