Жөрмеу
Бүрмелі
Шеттіктеу
тігістерге жөрмеу, бүрмелі және шеттіктеу тігістері жатады (1.92-
сурет).
Жөрмеу тігістерін
бүйір, жаға, қақпақша, қалта, белдікше,
манжета, жең ұшы жиектерін және т.б. өңдеу кезінде қолданады.
Бөлшектерді біріктіргеннен кейін, яғни сырып тіккеннен кейін
өңдеу кезінде айналдыра аудару операциясы жүреді. Бұл жағдайда
жиек бойымен тігіс орналасқан жерімен екі бөлшекті біріктіру
операциясын «бөлшек жиектерін жөрмеу» деп атау қабылданған.
Жөрмеуді орындау үшін екі бөлшекті беткі жақтарын ішке
қаратып қояды, қиықтарды теңестіреді де, шеттен 0,5...0,7 см
арақашықтықта машина тігімімен біріктіреді. Одан кейін
бөлшектерді беткі жағына қаратып айналдырады, тегістейді немесе
бір бөлшектен ені 0,1...0,3 см жиектеме (1.93-сурет,
б
, 1.94-сурет) не
ені 0,4...0,6 см жиек (1.95, 1.96-суреттер) жасай отырып немесе
тігісті тура бүрмеде орналастыра отырып, айналдыра көктейді
(1.97-сурет,
а, б
).
Көйлек дайындау кезінде жөрмеу тігісін машина тігімімен
бекітеді. Ол үшін тігісті жөрмегеннен кейін дайын бұйымда ішінде
орналасатын бөлшек жаққа қарай қайырады. Мысалы, өңірлерді
жөрмеу кезінде тігісті өңірастына қарай, жағаны жөрмеу кезінде –
астыңғы жағаға қарай, мойын ойындысы мен жең ұшын жөрмеу
кезінде әдіпке қарай қайырады. Бүктеулі тігісті жөрмеу тігісінен
0,1...0,2 см арақашықтықта өңірасты, астыңғы жаға, әдіп және т.б.
бойымен сырып тігеді (1.97-сурет,
в
).
Кей жағдайда тігісті әрлегіш тігіммен бекітеді (1.98-сурет).
Жөрмеу тігістері күрделі және жай жиектемелі болуы мүмкін.
Күрделі жиектемелі жөрмеу тігісін (1.95 және 1.96-суреттер)
қалталарды өңдеу кезінде қолданады. Мұндай тігісті орындау үшін
1.92
-сурет. Шеттік тігістердің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: