Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет105/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

171


 
 
2.14
-сурет. Екі әдіпті тілікті қалтаны өңдеу 
172


Екі бірқабатты әдіпті тілікті қалта
. Егер негізгі материалдың 
қалыңдығы үлкен болса, қалтаның тілік жақтарын күрделі жиекті 
жөрмеу тігісімен өңдейді. Бұл жағдайда әдіптерді негізгі бөлшекке 
қосарлап қабаттамай және жатқыза үтіктемей қосып тігеді (2.14- 
сурет, 
г


және 
2
-тігімдер). Негізгі бөлшекті тілгеннен кейін 
әдіптерді қосып тігу тігістерін айыра үтіктейді. Жөрмеу тігісінің 
қосымшаларын әдіптермен бүгед және бекітуші тігімдер салады (3 
және 4-тігімдер). Одан әрі жұмысты жоғарыда баяндалған тәртіппен 
жүргізеді. 
Екі әдіпті және сыдырма түймелікті тілікті қалталар.
Оларды екі әдіпті қалталар сияқты орындайды. 
Қалта тілігін дара немесе қосарланып бүктелген әдіппен 
өңдегеннен кейін қалта жиектерінің астына сыдырма түймелік 
салады да, одан кейін оны сырып тігеді. Сырып тігу тігімдерін 
негізгі бөлшектің беткі жағынан әдіптерді қосып тігу тігістерінің 
бойымен немесе оларға параллель салады. Одан әрі өңдеуді 
жоғарыда көрсетілген реттілікпен жүзеге асырады. 
Қалта астарларымен тұтас пішілген екі әдіпті тілікті қалта

Өте қозғалмалы құрылымнан тұратын негізгі материалдарды 
пайдаланған кезде қалта тілігінің астына негізгі бөлшектің ішкі 
жағынан желімдік не желімсіз қатайтқышты қояды. Ол дайын 
бұйымның ішкі жағында көрінбеуі тиіс. Мұндай жағдайда екі әдіпті 
тілікті қалтаны жасаған кезде келесі өңдеуді қолданады. Мына 
әдіптерді пішеді: қалтаның астыңғы астарымен тұтас пішілген 
үстіңгі әдіпті және қалтаның үстіңгі астарымен тұтас пішілген 
астыңғы әдіпті пішеді. Әдіптерді негізгі бөлшекке көмкермелі не 
күрделі жиекті жөрмеу тігісін пайдалана отырып қосып тігеді. 
Негізгі бөлшекті тіледі де, қалта шеттерін жеткі жағына ішіне 
қаратып, қалта астарының бүкпесі қатайтқыштың үстіңгі шетін 
жабатындай етіп салады және оны үстіңгі әдіпті қосып тігу тігісінің 
қосымшаларына қосып тігеді (2.14-сурет, 
д

4
-тігім). Соңында 
қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларының бүйір және астыңғы 
қиықтарын сырып тігіп, жиектеп торлайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет