Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Екі әдіпті түзу тілікті қалта



Pdf көрінісі
бет104/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Екі әдіпті түзу тілікті қалта. 
Мұндай қалтаны орындау үшін 
аздаған бөлшектер: қалта астарымен тұтас пішілген үстіңгі әдіп және 
170


астыңғы әдіп қажет. 
Мұндай қалтаның әдіптері дайын күйде бір енді болады. Егер әрбір 
әдіптің дайын күйдегі ені 5 мм-ден аспаса, қалтаны жиектік тілікті 
қалта деп атайды. 
Негізгі бөлшектің беткі жағына көмекші лекало бойымен қалтаның 
орналасатын жерін үш сызықпен белгілейді: бір сызық қалтаны тілетін 
жерді анықтайды, бірінші сызыққа перпендикуляр екі сызық қалта 
аузының ұзындығын шектейді. Одан кейін тағы екі көмекші сызық 
салады. Оларды қалтаның тілік сызығынан жоғары және төмен, 
әрқайсысын дайын күйдегі әдіптің екі еселенген еніне тең 
арақашықтықта орналастырады. 
Қалтаның тілінген жақтарын көмкермелі немесе күрделі жиекті 
жөрмеу тігісін пайдалана отырып жөрмейді. 
Көмкермелі жөрмеу тігісін алу үшін үстіңгі әдіпті ішкі жағын ішке 
қаратып бойлық бағыта бүгеді, бойлық сызықтарын сәйкестендіреді, 
әдіпті баса үтіктейді. 
Қалтаның үстіңгі және астыңғы астарларымен тұтас пішілген 
астыңғы әдіпті ішкі жағын ішіне қаратып бүгілген шеттің ені дайын 
күйдегі әдіптің 5...10 мм қосылған еніне тең болатындай етіп бүгеді. 
Әдіпті баса үтіктейді. 
Дайындалған әдіптерді негізгі бөлшекке әдіп бүкпелері 
белгіленген көмекші сызықтармен сәйкес келетіндей етіп, ал 
қиықтары тілік сызығына қарап тұратындай етіп жапсырады. Әдіп 
ұштары қалта аузының ұзындығын әрбір жақтан 15...20 мм-ге 
шектеп тұратын сызықтың жанынан кіруі тиіс. Әдіптерді көктейді 
және негізгі бөлшекке кезек-кезекпен сырып тігеді (2.14-сурет, 1, 2- 
тігімдер). Әдіптердің жатқыза үтіктелген жиектерінен сырып тігу 
сызығына дейінгі арақашықтық дайын күйдегі әдіптің еніне 
теңестірілуі тиіс. Тігімдерді қалта аузының ұзындығын шектейтін 
перпендикулар белгі сызығында дәлме-дәл етіп аяқтайды да, 
бекітеді. 
Әдіптерді қосып тіккеннен кейін негізгі бөлшектің ішкі жағынан 
операциялардың орындалуының дұрыстығын тексереді: тігімдер 
ұзындығы бойынша тең және параллель болуы тиіс. 
Қалта аузын қалтаның ортасынан бастап шеттеріне дейін 
бөлшектің ішкі жағынан тігімдер арасында ортасынан тіледі. Тілік 
шеттерінде негізгі бөлшекті тігім ұштарына 0,5...1 мм жетпестен 
тігімдерге бұрышпен тіледі (2.14-сурет, 
б
). Кертілген бұрыштардың 
ұзындығы 10...15 мм-ді құрайды. 
Өнеркәсіптік өндірісте әдіптерді көктемейді. Әдіптерді қосып 
тігу операцияларын ерекше жолмен бүктелген бір әдіпті екі 
параллель тігіммен қосып тігетін екі инелі жартылай автоматта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет