Сырып тігу тігісінің ені 5 мм-ден асатын тікбұрыш пішінді
қалталарда қалтаның үстіңгі және астыңғы бұрыштарын жөрмейді.
Үстіңгі бұрыштарды жөрмеу тігістерін қалтаның бүйір қиықтарына
параллель немесе оларға бұрыш астында орналастырады. Астыңғы
бұрыштарды жөрмеу тігістерін қалта жақтарына бұрыш астында
орналастырады (2.12-сурет,
б
, 2-тігім). Бұрыштардағы артық
қосымшаларды 5...7 мм қалдыра отырып кертеді, қосымшаларды
айыра үтіктейді. Қалтаны беткі жағына айналдырады, бұрыштарды
түзейді, ішкі жағынан баса үтіктейді және негізгі бөлшекке сырып
тігеді (3-тігім). Қалтаның үстіңгі бұрыштарын бекітеді (4-тігім).
Сопақ пішінді қалтаны негізгі бөлшекке нені 5 мм-ден асатын
тігіспен сырып тігу кезінде қалтаның бүйір және ортаңғы
қиықтарын пішілген әдіппен жөрмейді (2.12-сурет,
в
).
Қалтаның жиектері көмкермемен (2.12-сурет,
г
), шілтермен
(2.12-сурет,
д
), көлбеу көмкермені пайдалана отырып көмкермелі
тігіспен өңделуі мүмкін (2.12-сурет,
е
).
2.12
-сурет.
Жапсырмалы
қалталарды
өңдеу және оларды негізгі
бөлшектермен біріктіру
Достарыңызбен бөлісу: