жағында тегістеп, негізгі бөлшектің кесік бұрышымен бірге
түймеліктің астына сырып тігеді. Тігімді көлденең белгі сызығының
бойымен салады (
9
-тігім). Үстіңгі планканың астыңғы ұшын
астыңғы планканың астыңғы ұшына жапсырады және астыңғы
планканы сырып тігу тігісі мен негізгі бөлшектің тілінген бұрышын
жаба отырып, негізгі бөлшекті фигуралы
10-
тігіммен сырып тігеді.
Астыңғы планкаға түймелерді тағады немесе екі планкаға да
батырмалар орнатады.
Екі әдіпті тіліктегі сыдырма түймелік. Мұндай түймелікті өңдеу
кезінде екі әдіпті пайдаланады, оларды ішкі жағымен бойлық
бағытта теңге бөліп қояды және баса үтіктейді (2.16-сурет,
к
). Белгі
салуды негізгі бөлшектің беткі жағында және әдіптерде орындайды.
Тілік сызығын белгілейді де, оның екі жағынан әдіптерді қосып
тігетін екі параллель сызық жүргізеді. Төртінші сызық (көлденең)
түймеліктің астыңғы ұшының орнын белгілейді. Әдіптерде қосып
тігу сызығын белгілейді. Әдіп бүкпесінен белгіленген сызыққа
дейінгі арақашықтық дайын әдіптің еніне тең. Түймеліктің астыңғы
ұшының астында негізгі бөлшектің ішкі жағынан желімдік не
желімсіз қатайтқыш қойылуы мүмкін.
Әдіптерді негізгі бөлшектің беткі жағына бір-біріне қарама-
қарсы қиықтармен салады, оларда белгіленген сызықтарды негізгі
бөлшектегі сәйкес сызықтармен сәйкестендіріп, баса үтіктейді (
1
және
2
-тігімдер). Негізгі бөлшекті тілік астындағы бұрышты кесіп,
әдіптер арасында ортасынан тіледі. Негізгі бөлшек тілігінің
астындағы әдіптер мен бұрыштарды ішкі жағына айналдырып, баса
үтіктейді.
Әдіптермен өңделген тілік қиықтарының астына сыдырма
түймелікті салады және оны П-тәрізді
3
-тігіммен қосып тігеді.
Бойлық сырып тігу тігімдерінен негізгі бөлшектің бүкпелеріне
дейінгі арақашықтық модельмен анықталады. Көлденең сырып тігу
тігімін негізгі бөлшектің бүкпесінен 1 мм арақашықтықта салады.
Сыдырма түймеліктің жиектемесінің бос ұштарын әдіптерді қосып
тігу тігістерінің қосымшаларына сырып тігеді (
4
және
5
-тігімдер).
Егер әдіптерді қосып тігу тігістерінің қосымшалары сыдырма
түймеліктің ызбасынан кеңірек болса, онда олар сыдырма
түймелікті сырып тіккенге дейін жиектеп торлануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: