Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Шеттіктеу тігісімен өңделген бітеу тіліктегі түймелік



Pdf көрінісі
бет111/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Шеттіктеу тігісімен өңделген бітеу тіліктегі түймелік

Түймеліктің үстіңгі бөлігінде модельмен баудан немесе көлбеу 
көмкермеден күрмек ілгек көзделуі мүмкін, оны тілік қиықтарын 
өңдер алдында негізгі бөлшекке ені 3...5 мм тігіспен қосып көктейді 
немесе қосып тігеді. 
Тілікті шеттіктеу үшін арқаужіпке 45° бұрыш астында пішілген 
көлбеу көмкермені пайдаланады. Көмкермені ені 22...26 мм. Тілікті 
бір түзу сызыққа жайып қояды (2.16-сурет, 
а
), көмкермені беткі 
жағын төмен қаратып, негізгі бөлшектің беткі жағына жапсырады, 
көмкерме мен негізгі бөлшектің тілік ұштарындағы қиықтарын 
сәйкестендіреді. Тігімді негізгі бөлшектің ішкі жағынан сала 
отырып, көмкермені қосып көктейді және қосып тігеді (1-тігім). 
Тігіс ені 5...7 мм. Бұл ретте тігім ортасында тігіс енін негізгі бөлшек 
жақтан 1...2 мм-ге дейін кішірейтеді. Одан кейін көмкермемен 
жасалған тігістің қосымшаларын бүгеді, көмкерменің бос қиығын 
2.16
-сурет. Негізгі бөлшектің бітеу тілігіндегі түймелікті өңдеу 
180


ішке қарай 5 мм-ге бүгеді және негізгі бөлшектің беткі жағынан 
сырып тігу тігімі 2 (2.16-сурет, 
б
) көмкермені қосып тігу тігіміне 
барынша жақын өтетіндей етіп сырып тігеді. 
Негізгі бөлшекті тілік бойымен бетпе-бет қаратып салады. Көлбеу 
көмкермеде тіліктің астына көмкермені сырып тігу тігіміне бұрыш 
181


астында екі-үш машина тігімімен бекітпені қояды (3-тігім). Бұл 
бекітпе түймеліктің астыңғы жиегін бұйымды пайдалану кезінде 
бүлінуден сақтау үшін, сондай-ақ түймелікке соңғы пішінін беру 
үшін қызмет етеді. 
Әдіппен 
өңделген 
бітеу 
тіліктегі 
түймелік

Көлбеу 
көмкермемен бірге тілік қиықтарын өңдеу үшін арқаужіп 
бағытында пішілген түзу сызықты әдіпті пайдаланады (2.16-сурет, 
в
). Бұл жағдайда әдіпті бұйымның ішкі жағына қосып тігеді (
1

тігім), одан кейін оны беткі жағына аударып, ені 1 мм тігіспен 
сырып тігеді (
2
-тігім). Түймеліктің үстіңгі жағын жасайтын әдіп 
бөлігін ішкі жағына қарай бүгеді де баса үтіктейді, одан кейін 
түймеліктің астыңғы жағына жапсырып, тағы бір рет баса үтіктейді. 
Тіліктің астыңғы жиегінің бойымен бекітпені салғаннан кейін ішкі 
жағынан не беткі жағынан (
3
-тігім) әдіптің екі қабаты мен негізгі 
бөлшекті бірге қамтып, ілгектерді шалып тігеді (
4
-тігім). Дайын 
үтіктелген бұйымға ілгектің орналасқан жеріне сәйкес түймелерді 
тағады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет