өңдейді. Жөрмеу тігімін үзбестен, тіліктің белгіленген сызығының
үш жағынан салады (2.16-сурет,
е
,
2
-тігім). Бойлық сызықтардан
тілікке дейінгі арақашықтық 5...7 мм-ден аз емес. Негізгі бөлшекті
және әдіпті тігімдердің арасында ортасынан тіліп, сонымен қатар
тілікті кесіпт өтеді. Тілік ұшында жөрмеу тігімінің бұрыштарына
қарай қиғаш кертіктер жасайды. Әдіпті негізгі бөлшектің ішкі
жағына айналдырады, тігісті түзетіп, баса үтіктейді. Негізгі
бөлшектің ішкі жағынан өңделген тіліктің астына сыдырма
түймелікті салып, оны арнайы табандығы бар машинада сырып
тігеді (
3
-тігім). Жеке тігу кезінде сыдырма түймелікті қосып тігер
алдында қосып көктеп алады.
3
-тігімнің астыңғы көлденең бөлігін
тіліктің өңделген жиегіне барынша жақын етіп салады. Сырып тігу
тігісінің енін модель бойынша белгілейді. Бөлшектің ішкі жағында
сыдырма түймеліктің бос жиектерін ені 1...2 мм тігіспен әдіпке
сырып тігеді (
4
және
5
-тігімдер).
Достарыңызбен бөлісу: