тігімін үстіңгі қиыққа параллель етіп одан 5...7 мм арақашықтықта
салады (3-тігім). Тігім ұштарын бекітеді. Қосымшаларды
планканың ортаңғы сызығының бойымен тігім ұшына қарай
кертеді, ойық бұрышында оларды керітпелейді.
Планканың астыңғы қиығын жөрмейді. Тігімді астыңғы қиыққа
параллель өңірасты жиегінен бастап бүйір бүкпесіне дейінгі
бағытта салады (4-тігім). Тігім ұштарын бекітеді. Жөрмеу тігісінің
ені материал қалыңдығына қарай етек бүгілісі қосымшасының 1...5
мм алынған еніне тең. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын бұрышта
кертеді және 5...7 мм-ге дейін кеседі. Жөрмеу тігісінің
қосымшаларын өңірастының ішкі жиегінде 7...10 мм бөлікте
кеспейді. Планканы беткі жағына айналдырады, бұрыштарын
түзейді, планканы баса үтіктейді.
Модельге сәйкес планканың жиегі бойынша әрлегіш тігімдер
салынуы мүмкін. Өңірастының астыңғы жиегін бекітіп, одан кейін
қосымшаны етек бүгілісіне бүгіп тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: