етегінің қиықтарымен қатар жөрмейді.
Түймеліктің өңделген жиектерінің астына бұйымның ішкі
жағынан алмалы-салмалы сыдырма түймелікті салады, оны
бұйыммен бақылау белгілері бойынша теңестіреді, көктейді және
түймеліктің әрбір жағын беткі жағынан бір немесе екі тігіммен
сырып тігеді. Сыдырма ұштары түрілген болуы тиіс.
Түймемен, ілмекпен, баумен түймелеуге арналған күрмек
(тұйық) ілгектерді түймелік қиықтарын өңдеген кезде қондырып
тігеді. Өңделген жиектерге беткі не ішкі жағынан түймелерді,
ілмектерді тігіп тағады. Пішілген әдіптермен өңделген түймелік
жиектерінде бау байлауға арналған тесіктерді салады, оларды
баутесікпен немесе люверспен бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: