2.6.
және адым қиықтарын алдыңғы жартылары бойынша сырып тігеді.
Шалбардың ортаңғы қиықтарын сол жақ жартысы бойынша
арақашықтығы 1 мм болатын қайықты инешаншымдық екі тігіммен
немесе тізбекті инешаншымдық бір тігіммен сырып тігеді.
БҰЙЫМНЫҢ МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫН ӨҢДЕУ
2.6.1.
Мойын ойындысын шеттік тігістермен
өңдеу
Мойын ойындысын қондырма және тұтас пішілген жеңді
бұйымдарда иық қиықтарын біріктіргеннен кейін өңдейді. Реглан
және құрама жеңді бұйымдарда мойын ойындысын жеңдерді
бұйыммен біріктіргеннен кейін өңдейді. Бұйымның модельдік
ерекшеліктеріне байланысты мойын ойындысын шеттік тігістермен,
жағалармен немесе капюшондармен өңдейді.
Шеттік тігістерді жағасыз бұйымдарда мойын ойындысын
өңдеу кезінде пайдаланады. Бүктеме, шеттіктеу немесе жөрмеу
тігісін пайдаланады.
Көлденең саңылау тәрізді түзу сызықты шетті (қайықша деп
аталады) мойын ойындысын ашық жиектелген немесе жабық
қиықты бүктеме тігіспен өңдейді. Мойын ойындысының
қосымшасын қосып
тігу
тігімін қайықтық не жасырын
инешаншымдық машинада орындайды. Кейде өңделген қиықты
мойын ойындысының қосымшасын тек бұйымның ішкі жағынан
жатқыза үтіктейді, бірақ бүгіп тікпейді. Мойын ойындысының
қосымшасын иық қиықтарын сырып тігіп, жиектегенге дейін бүгіп
тігеді. Мойын ойындысының сызығында иық тігістерінің ұштарын
ішкі жағына айналдырады және бұйымның беткі жағынан иық
тігісінің бойымен салынатын қысқа кері тігіммен бүгіп тігеді.
Сопақ пішінді мойын ойындысының ойығын ызбаны не көлбеу
көмкермені пайдалана отырып, жабық қиықты шеттіктеу тігісімен
өңдейді.
Түймеліксіз бұйымдарда мойын ойындысының қиығын
шеттіктеуді бір иық тігісін біріктіріп, жиектегеннен кейін жүзеге
асырады. Мойын ойындысының қиығын шеттіктеп болған соң, иық
тігістерінің екіншісін біріктіреді. Екінші иық тігісінің қиықтарын
шеттіктейтін көмкермемен не ызбамен бірге жиектеп торлайды.
Қалыңдаған қосымшаны иық тігісінің қосымшаларымен бірге артқы
бой жаққа жатқыза үтіктейді және иық тігісінің бойымен көлденең
тігіммен немесе бұйымның беткі жағынан шеттіктеу тігісінің
бойымен салынған тігіммен бүгіп тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: